ВЫБОР ПОЛЬЗОВАТЕЛЕЙ
Olimpbet KZ
Букмекер №1 в Казахстане
1xBet KZ
Лучшее приложение 2024*
Winline KZ
PIN-UP KZ
Самый надёжный букмекер*
Parimatch KZ
Онлайн-букмекер №1

«Токиода қазақтарды қысыңдар деген...» Илья Ильин - Олимпиада, ұлттық құрама және Линдердің өлімі туралы

Қазақстандық ауыратлет, әлемнің төрт дүркін чемпионы, Азия ойындарының екідүркін жеңімпазы, «Құрмет» орденінің иегері Илья Ильин YouTube-тағы Yessen Yeleuken арнасына сұхбат берді. Осы орайда Meta-ratings.kz тілшісі ең тұшымдыпікірлерді жинақтады.

Илья Ильин

- Токио Олимпиадасында ауыр атлетикадан Қазақстан құрамасы қалай өнеркөрсетті?

- Тәп-тәуір өнер көрсетті. Егер алтын алсақ, бұл керемет оқиға болар еді.Бірақ бізге ешкім алтынды ұстатайын деп тұрған жоқ еді. Біз екі қола аламыз депжоспарладық, солай болды да. Зульфия Чиншанлоның қалай өнер көрсеткенінбайқадыңыздар, бес мүмкіндіктің екеуін санауға болар еді. Егер есептелгенде олекінші орын алар еді. Өйткені ол серпе көтеруден әлемдік рекордсмен болыптабылады және үшінші мүмкіндігін мүл жібере қоймайды. Мүмкін ол қытайлықспортшыны да жеңіп кетер ме еді, өкінішке орай, соңғы төрт жылда болғанжанжалдар бізге қатты әсер етті. Яғни, қазақтарға алтын медаль бермеу керекдеген тапсырма болған. Жағдай, жалпы осылай болды.

Зульфия және Игорь

Игорь Сон да жақсы өнер көрсетті. Бәйгеге жаңадан қосылған ат десек теболады. Мен 5-7 орында болатын шығар деп күткен едім. Қарасақ, СолтүстікКореядан ешкім келмепті, тағы бір-екі жігіт жоқ. Сөйтіп қолаға қол жеткізді.Бұған спортшылардың кәсібилігі мен бапкерлер құрамының тәжіибесі әсер етті. Бұлменің кәсіби көзқарасым. Мен ауыр атлетиканы көремін, түскен медальдардыкөремін және ол үшін кім және қалай жұмыс істегенін байқаймын.

- Қытай неге допинг дауына ілікпейді?

- Өйткені, Қытай – держава (күліп). Бұрын Кеңес Одағы да держава болған.Оларда спортта бірінші орынға шығуымыз керек деген айқын түсінік болды.Шамамен, Қытай да саяси жағынан КСРО сияқты келе жатыр. Басты айырмашылық -Қытай модернизацияланған, реттелген мемлекет және барлық жағдайы ХХІ ғасырғасәйкес келеді. Бірінші орында болуымыз керек деген партияның тапсырмасы бар жәнеолар бұл үшін бар күш-жігерін салады. Әрине, олардың 1 миллиард халқы бар.Технология жағынан да алға кетіп қалды. Инфрақұрылымды дамытты. Олар жасжеткіншектерді балабақшадан кейін бірден спорт мектебіне алып кетеді. Сосын текөзі таңдаған спорт түрімен шұғылданады. Және, әрине, басқару жүйесін айтуымызкерек. Олар атлеттердің артын жабу үшін бәрін жасайды. Олардың спортшылары текөз ісімен айналысады, қалғанын басшылық жасайды. Бұл деңгейде бәрі анық жолғақойылған, сондықтан олар ешқашан допингпен ұсталмайды. Оның үстіне, Қытай –ақшасы көп бай ел. «Жігіттер, міне, сендерге ақша, біз сендерді жарнамалаймыз,қаржыландырамыз, ал сендер бізге тиіспейсіңдер, осылай жеңіске жетеміз» депайта алады. Олар бес медаль жеңуіміз керек десе, сол мақсатына жету үшін баркүшін салады. Сондай-ақ бұл елде спорт медицинасы өте жақсы дамыған.

Томаш Аян

- Ауыр атлетикада жемқорлық бар ма?

- Әрине, бар. Мысалы 40 жыл халықаралық ауыр атлетика федерациясын басқарған Томаш Аян қазір тергеуге алынды. Сыбайлас-жемқорлықжоқ десем, өтірік айтқан болар едім. Қазір ауыр атлетика Халықаралық Олимпиадакомитетінің жіті назарында.Өйткеніқазір бұл спорт түрінде өте көп ақау мен құқық бұзушылықтар бар. Ауыр атлетикафедерация президенті тарапынан да заң бұзушылықтар орын алды. «Жемқорлық» дегеннәрсе кез-келген жүйеде бар. Бірақ ауқымы әртүрлі.

- Қазіргі Қазақстан ауыр атлетика құрамасының жағдайы қалай?

Артем Антропов

- Жақсы жігіттер бар. 96 келідегі ұлттық құрамамыздың көшбасшысы АртемАнтроповтан үлкен үміт күтеміз. Ол 23 жаста болуы керек. Оны ПарижОлимпиадасына дайындап жатырмыз. Біз Артемді желтоқсанда өтетін әлемчемпионатында бақылап көрсек дейміз. Медаль алмаса да, оның өнерінтамашалағымыз келеді. Жұлқып көтеруден өте жақсы деңгейде, серпе көтеру жағынсәл жақсарту қажет. Жалпы, біздің Қазақстан серпе көтерудің мектебі болыпсаналады.

Нұрғиса Әділетұлы

Нұрғиса Әділетұлы – Қазақстанның менен кейінгі ең танымал штангисті. Олалдағы жылдары медаль үшін күреседі деп ойлаймын және оны да Парижге дайындапжатырмыз. Олардан бөлек, 17 жастағы қызылордалық Рахат Бекболат қазір өзжасындағы рекордтарды жаңартуда. Ол жасөспірімдер арасындағы әлем және Азиярекордсмені атанды. Осы үш флагманымызды Парижде өтетін Олимпиадағадайындаудамыз.

Рахат Бекболат

Қазір жағдай өте қиын. Өйткені атлеттер үлкен жанжалдан кейін министрАқтоты Рахматуллақызына шағымданды. Ол кісі қатал шешім қабылдап, бапкерлердіқызметінен босатты. Енді жаңа бапкерлер келеді, сондықтан әлем чемпионатыалдында аздаған қорқыныштар бар. Себебі әлем біріншілігінің басталуына бір ғанаай қалды. Мүмкін ол бапкерлер де жұмыстан кетуге лайық болған шығар. Бірақ оларөте жақсы мамандар. Енді жаңа бапкер келді. Мен оны танимын. 1983 жылғыАлматының азаматы. Енді адаптация жағынан қиындықтар бола ма деп қорқамын.Федерация басшысы Жанат Түсіпбеков пен оның жігіттері бұл мәселеден қалай шығукеректігін ойластырады деп үміттенемін. Менің ойымша, бұрынғы бапкерлерге қатаңсөгіс жариялап, қатаң тәртіп орнату арқылы оларды толықтай өз бақылауына алукерек еді. Ұлттық құрамадағы жігіттердің өкпе-назы бар екенін түсінемін жәнеминистр Ақтоты Райымқұлова таза аналық тұрғыда барлығын түсініп, қатал шешімқабылдады. Ахметовті жақсы білемін, онымен бірге жұмыс істедім және БейжіңОлимпиадасына бірге бардық және оның күшті және әлсіз тұстарын білемін. Ия, олкей кезде жұлдыз ауруына ұшырауы мүмкін. Онымен жақсылап сөйлесіп, барлығынқалыпқа келтіруге болар еді.

Альберт Линдер

- Альберт Линдердің өліміне не себеп болды?

- Ешкімді кінәлауға құқығым жоқ. Бәрін бір Алла біледі. Ол жігіттен обалболды. Кінәлі бір адам деп айтпас едім. Жалпы Қазақстанда суицид мәселесі белеңалып отыр. Біз тек ауыр атлетикада ғана емес, елімізде бұған қарсы не істеукеректігін білмейміз. Бұл жағдаймен көптеген психологтар айналысып жатыр. Бұлауқымды мәселе.

Спортшылар стресске түсуге бейім келеді. Әсіресе, ауыр атлеттер. Үнемі жаттығулар,жиындар, бір ұжыммен жүреміз. Бұл қатты әсер етеді. Физикалық тұрғыдан күштіболу жеткіліксіз. Психологиялық жағынан да бәріне төтеп беру керек. Артықкететін сәттер болады. Жаттықтырушы нәтиже талап етеді. Ал егер нәтиже болмасақысым түсе бастайды, және бір-бірінен көңілі қалады. Реніш деген бірте-біртежиналатын нәрсе ғой. Мұндай жағдайлар менің де басымнан өтті.Жаттықтырушылармен де қырылдым, тіпті Елбасының өзі мені қолдаған еді. Ол кездебәрі жақсы аяқталды. Ал бұл жолы... Ия, жігітке, оның отбасына обал болды.Бірақ мен Сергейді түрмеге отырғызбас едім. Қазір мұнымен құқық қорғауоргандары айналысып жатқан шығар.

Илья Ильин

- Мәдениет және спорт министрлігі екіге бөлініп, сені спорт министрі болуғашақыса, барасың ба?

- Жоқ, тек кеңесші болуға дайынмын. Әзірге министр болып бармаспын. Себебібарлық жүйені толық түсінбеймін, маған тәжірибе керек. Егер 42 жасқа толғандаосы сұрақ қайта қойылса, мүмкін баратын шығармын. Қазір барғанда не істеймін?Ол жерге Батыстың, Ресейдің менеджмент ерекшеліктерін жақсы білетін, өзкомандасын жинай алатын сауатты маман қажет.

- Кезінде сені Еуропадағы елдер өз құрамасына шақырды. Егер сен солелдердің атынан шықсаң, допинг дауы болмас па еді?

- Ол жағын білмедім. Мысалы, Ресейден қанша медальді тартып алды, Грекия даАфины Олимпиадасынан кейін жанжалға тап болды. Содан кейін Түркия құрама, алоған дейін Болгария, ал бізге дейін Әжірбайжан құраамасы допинг дауына тапболды. Сондықтан ол елдердің атынан шыққанда қалай болатыны мен үшін беймәлімболып қала береді.

Комментарии
Нет комментариев. Будьте первым!
Девушки в спорте