ВЫБОР ПОЛЬЗОВАТЕЛЕЙ
Olimpbet KZ
Букмекер №1 в Казахстане
1xBet KZ
Winline KZ
PIN-UP KZ
Parimatch KZ
Онлайн-букмекер №1

«Парижге бармайтыным анық». Ольга Рыпакова мансабын аяқтау және алдағы жоспары жайлы тілге тиек етті

Бүгін Токио Олимпиадасында жеңіл атлетика сайыстары басталды. Алғаш болып жарыс жолына шыққандардың арасында Лондон Олимпиадасының чемпионы Ольга Рыпакова да бар. Спортшы іріктеу кезеңдерінде төмен нәтиже көрсетіп, финалға өте алмады. Осыдан соң 37 жастағы спортшы баспасөз мәжілісін өткізіп, сұрақтарға жауап берді. Meta-ratings.kz тілшісі баспасөз мәжілісінде қойылған сауалдардың ең маңыздыларын жинақтады.

Ольга Рыпакова

Осымен төртінші рет Олимпиада ойындарына қатыстым. Соның барлығында қолдау көрсеткен жандардың барлығына алғыс білдіремін. Бұл жылдардың ішінде жеңіс те, жеңіліс те болды. Барлық жанкүйерлерге, қазақстандықтарға қолдау көрсеткендеріңіз үшін, әлеуметтік желіде жазған жылы сөздеріңіз үшін, қоңырау шалғандарыңыз үшін рахмет айтқым келеді. Жан тебірентетін тілектер мен қолдау болды. Мен үшін бұл өте маңызды.

Бұрынғыдай бұл жолы да барымды салдым. Қолымнан келгенді жасадым. Бірақ қай жерден қателік кеткенін білмеймін. Өзім де толық түсінбедім. Жаңа ғана стадионнан келдім, әлі жаттықтырушымен әңгімелесіп, талдау жасамадық. Әрине, өзімнің соңғы олимпиадамды сәтті өткізгім келді, жанкүйерлерімді тағы да қуантуды ойлайдым. Жеңіс тұғырына шығып, қуаныш сезімін сыйлауды қалғаным жасырын емес. Алайда әрдайым барлығы біз ойлағандай бола бермейді. Жалпы, біз өнер көрсеткен сектор да, басқасы да көңілден шықты. Ауа райы да керемет. Бірақ бір нәрсе болмай қалды. Енді жіберілген қателіктерді саралап, ой елегінен өткіземіз.

Ольга Рыпакова

Әзірге бұл сұрақ жайлы нақты ойланған жоқпын. Бірақ бұл менің спортшы ретінде соңғы Олимпиада екенін айтқым келеді. Алдағы жоспар жайлы дәл қазір бірдеңе деу қиын. Барлығының өз уақыты келеді. Сол кезде сіздердің сұрақтарыңызға жауап беремін. Қалай десек те, менің алдағы қызметім спортқа қатысты болады деп ойлаймын.

Әкем бала күннен әрі жеке жаттықтырушым. Спртқа қатысты сұрақтарды екеуіміз бірге талқылап, бірге ақылдасып қабылдаймыз. Келесі аптада бірге отырып, барлығын ақылдасамыз. Бұл сұрақ жылдам шешімді қажет етеді деп ойламаймын. Әлі де уақыт бар. Келесі жылы жазғы Азия ойындары бар. Соған қатысып кет деп жатқандар бар. Осындай ұсыныс та айтылды. Дегенмен соңғы шешім қабылданбады.

Ольга Рыпакова

Бәсекелестік үнемі болған. Қазір Юлимар Рохас нағыз спорттық бабында екені рас. Алыс қашықтыққа секіріп жүр. Көрсеткіштері өте жоғары. Амбициясы да байқалады. Бірақ бұл Олимпиада. Аяқ астынан көп нәрсе өзгеруі мүмкін. Өзге қыздар да оған бәсекелес болуға тырысатыны анық. Сондықтан финал қызық болады деп ойлаймын.

Бүгін үш қарғып секіру сайысынан іріктеу кезеңдері аяқталды. Жарыс ережесі бойынша әр спортшыға үш мүмкіндіктен берілді. Ал финалдық сынға 12 спортшы жолдама алады. Ол үшін 14, 40 метрді бағындыру керек.

Рыпакованың ең жоғары нәтижесі – 13,69 метр. Сөйтіп, жалпы есепте 24-орынға тұрақтап, финалдан тыс қалды.

Сондай-ақ, іріктеу кезеңінде қазақстандықтардың арасында Мария Овчинникова мен Ирина Эктова да сынға түкен болатын. Олар жарыстың бірінші айналымынан аса алмай, 26-шы және 31-ші орын алды.

Ольга Рыпакова

Іріктеу кезеңінде ең жоғары нәтижені Олимпиада чемпионы атанудан басты үміткер Венесуэла спортшысы Юлимар Рохас көрсетті. Ол 14,77 метрге секірді. Екінші орында испаниялық Ана Пелетейро бар (14,62 метр). Үштікті доминикалық Теа Лафонд қорытындылады (14,60 метр).

Ольга Рыпакова бұған дейін үш рет Олимпиадаға қатысып барлығынан жүлде алған. 2008 жылы Бейжіңде күміс, 2012 жылы Лондонда алтын, 2016 жылы Рио Олимпиадасында қола медальға ие болған.

Бек Төлеуов

Комментарии
Нет комментариев. Будьте первым!
Девушки в спорте