ВЫБОР ПОЛЬЗОВАТЕЛЕЙ
Olimpbet KZ
Букмекер №1 в Казахстане
1xBet KZ
Winline KZ
PIN-UP KZ
Parimatch KZ
Онлайн-букмекер №1

Грек-рим күресіндегі тоқырау Токио бозкілемінде де жалғасын тапты

Грек-рим күресінен Қазақстан құрамасы Токиодан бір-бір жүлде алмай, тағы да бос қайтты. Осы ретте Meta-ratings.kz тілшісі «классикалық» күрестің айналасындағы негізгі мәселелерге үңіліп көрді.

Нұрсұлтан Тұрсынов

Токиоға грек-рим күресінен үш балуан қатысты. Бірақ үшеуі де алғашқы айналымнан аса алмады. Жарыстың бірінші күнінде белдескен Мейрамбек Айнағұловқа (60 келі) қырғызстандық Жоламан Шаршенбеков бір ұпай да ұстатқан жоқ. Одан кейін Демеу Жадыраев (77 келі) жапониялық Ябико Шохеидан жеңілді. Сосын Нұрсұлтан Тұрсынов (87 келі) Германиядан келген 2016 жылғы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Денис Кудлаға есе жіберді.

Жалпы,грек-рим күресінен Олимпиада ойындарында алты салмақ бойынша жүлделер сарапқа салынады. Қазақстан соның тек үшеуінде ғана жолдамаға иелік етті. Бұл да біраз айтылды. Қазақстанда осы Токиоға байланысты екі іріктеу жарысы болды. Біреуі 2019 жылғы Нұр-Сұлтандағы әлем чемпионаты болса, екіншісі Алматыдағы құрлықтық іріктеу сайысы. Осы екі додадан бар-жоғы үш жолдаманы әзер алдық. Одан кейін сол үш жолдамаға кімдерге берілетіні де біраз дау туындатты. Мысалы, 60 келідегі Мейрамбек Айнағұловтың соңғы кездегі бабы мен көрсетіп жүрген нәтижесі Айдос Сұлтанғалидан төмендеу болатын. Алайда бапкерлер штабы еш түсіндірместен, тіпті спарринг өткізбестен Айнағұловты алып кетті. Ал 77 келіде жолдаманы әлем чемпионатында Асхат Ділмұхамедов жеңіп алғанына қарамастан, Токиоға Демеу Жадыраев барды.

Демеу Жадыраев

Жоғары да айтылғандай, бас бапкер Бақтияр Байсейітовтің сенім артқан балуандары бірінші айналымнан аспады. Оның үстіне бапкермен шәкірттері арасында байланыс та дұрыс емес секілді.

Мысалы, Мейрамбек Айнағұлов жеңілген күні жағдайды былай түсіндірді:

«Мейрамбек Айнағұлов жаттықтырушылар тапсырмасын орындамады. Біз қатаң ескертіп, тыйым салған әдіс-тәсілді кілемге шыққан сәтте-ақ істеп, өз қатесінің кесірінен қарсыласына жол берді. Бізге ыңғайлы болатындай күрес стилін түсіндіріп, оған жеткізгенімізбен, тапсырмамызды кілемге шыққанда ұмытып кетті», – деді Байсейітов.

Бақтияр Байсейітов

Екінші жарыс күнінде 77 келідегі Демеу Жадыраев жапониялық Ябико Шохеиды жеңіп тұрып, соңғы сәтте есе жіберіп қойды. Бас бапкер мұнда да шәкіртінің тапсырманы орындағанын айтты.

«30 секундтық үзіліс болған кезде бәрін түсіндіріп, белдесуді соңына дейін бермей, бақылауға алу керегін айттық. Демеудің дәл осылай соңғы сәтте әдіске түсіп, қарсыласына ұпай сыйлағанын біз де түсіне алмадық», – деді ол.

Ал Нұрсұлтан Тұрсыновтың (87 келі) жеңілісін төрешілерден көрді. Отандасымыз неміс, 2016 жылғы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Денис Кудламен кездескен. Кейіннен ол Токио бозкілемінен де қола медаль алды.

«Төрешілер тарапынан бағалау дұрыс болған жоқ. Өздеріңіз көргендей, әдіс жасалды. Тік тұрып жартылай әдіс жасап лақтырды. Ереже бойынша толық жасалмаған әдіске екі ұпай берілуі керек. Төрешілер мұны есептеген жоқ. Сосын шағым түсіргенде (челлендж) белдесуді қайта қарап, шешімді өзгертпеді. Әдетте шағым қанағаттандырылмаса қарсыласқа бір ұпай берілетін.Бас төреші, төрешілер координаторының ұлты – неміс. Осы жерден өздеріңіз қорытынды жасай беріңіздер болады. Бұл жерде бізден жеңісті тартып алды деп есептеймін», – дейді Бақтияр Байсейітов.

Нұрсұлтан Тұрсынов

Жалпы, Қазақстан грек-рим күресінен соңғы рет Олимпиада ойындарынан медаль алған. Оның өзінде Ресейден келген легионер Даниал Гаджиев болатын. Ол Лондонда 84 келіде күресіп, үшінші орынға тұрақтаған. Ал Қазақстан күрес мектебінің өкілдерінен соңғы рет 2008 жылы Нұрбақыт Теңізбаев күміс жүлдеге қол жеткізген.

Енді, міне, қатарынан екі Олимпиада ойындарынан грек-рим бірде-бір жүлде бұйырмады. Бірақ осыған ойланып жатқандар бар ма? Көрші Қырғызстанның балуаны Ақжол Махмұдов (77 келі) финалға дейін жетті.

Әлем және Азия чемпионаттарының жүлдегері Алмат Кебіспаев Есен Елеукенге берген сұхбатында жағдайды жақсарту үшін құрамаға жастарды, жас бапкерлерді тарту керектігін айтты.

«Көршілес Қырғызстан мен Өзбекстан елдерінде, Грузияда грек-рим күресінің қарқыны жедел өсіп кеткенін білеміз. Бұл елдің балуандары әлемнің үздіктері қатарында. Бұған не себеп? Меніңше, аталған елдерде жастарға көп сенім артып жатыр. Бізге жас мамандар керек. Менімен қатар балуандар қазір бапкерлік тізгінді алып жүр. Жастарға мүмкіндік беру керек», – дейді Алмат Кебіспаев.

Бақтияр Байсейітов спортшылардың психологиясына мән беру керектігін енді түсінгендей. Олимпиададан кейін ол сондай ой айтты.

«Біз бір нәрсені түсіндік. Спортшыларға физикалық тұрғыдан ғана емес, психологиялық жағынан да көп қолдау қажет екен. Бапкерлер тапсырмасын орындай алмаған Мейрамбек Айнағұлов туралы айталық. Ол кілемге шығарда көзінде от болған жоқ. Сондықтан, қандай да бір нәтиже шығара алмады. Біз әрбір сәтті талқылап, стратегиямызды федерация және Ұлттық Олимпиада комитетімен бірлесіп дайындаймыз», – дейді бас бапкер.

Мейрамбек Айнағұлов

«Классикалық күрестен» қазақтың өзіндік мектебі бар. Мысалы, Мәскеу Олимпиадасында Жақсылық Үшкемпіров пен Шәміл Серіковтер алтын алғанын әрбір жанкүйер біледі. Ендеше, Кебісбаев айтқандай, жаңа көзқараспен, жаңа леппен сол мектепті жаңғырту керек. Әйтпесе, бұл сәтсіздік Парижде де жалғасуы мүмкін.

Бек Төлеуов

Комментарии
Нет комментариев. Будьте первым!
Девушки в спорте