ВЫБОР ПОЛЬЗОВАТЕЛЕЙ
Olimpbet KZ
Букмекер №1 в Казахстане
1xBet KZ
Winline KZ
PIN-UP KZ
Parimatch KZ
Онлайн-букмекер №1

Альберт Линдердің өлімі ауыр атлетикадағы талай проблеманың бетін ашты

Ауыр атлет Альберт Линдердің өзін-өзі қол жұмсауы жалпы қоғамда болмаса да, спортшылардың арасында үлкен резонанс тудырды.Осы қайғылы жағдайға байланысты бір топ атлет баспасөз мәжілісін өткізді. Сол жиында айтылған спортшылардың пікірлерінің ең маңыздыларына Meta-ratings.kz тілшісі тоқталуды жөн көрді.

Линдер Альберт

Жасөспірімдер арасында әлем және Азия чемпионы атанған,Универсиада ойындарында топ жарған талантты спортшы Альберт Линдер 17қыркүйекте көз жұмды. Спортшының бейресми деректерде өз-өзіне қол жұмсалғаныайтылып жатыр. Осыған байланысты Алматы облысының полиция департаменті ауыратлеттің қазасына байланысты қылмыстық кодекстің 105-бабы (өз-өзіне қол салуғажеткізу) бойынша іс қозғалғанын хабарлады.

Осыдан кейін Альбертпен бірге жастар құрамасында өнер көрсеткен спортшылар – Михаил Макеев пен Фархат Самарханов жеңіп алған медальдерінқоқысқа лақтырды. Олар осы арқылы спорттағы былықтың бетін ашқысы келетінінжәне төгілген тер мен еңбектің ел үшін емес, жеке тұлғалардың пайдасы менмүддесі үшін жасалып жатқанын жеткізгісі келетінінін мәлімдеген.

«Альберт Линдер қайтыс болғаннан кейін мен бір нәрсені түсіндім. Жылдар бойы үлкен еңбекпен келген медальдар маған енді қажет емес. Мен өз халқым үшін емес, басқа адамдардың пайдасы үшін жаттығып, жарысқа қатысқанымды біліп осындай қадамға барып отырмын», – деді Михаил Макеев.

Медальді қоқысқа лақтыруға кейіннен Альберттің інісіСемен Линдер де қосылды. Айтпақшы, Семен КТК арнасына берген сұхбатындаағасының өз-өзіне қол жұмсауына ауыр атлетикадан ұлттық құрамадағы аға бапкерСергей Седовтың қатысы бар деп айыптады.

«Қазақстан  құрмасының жаттығуында жүргенде қалай қиналғанын көрдім. Бес күн бойы нәр татпай жаттығу жасағанына бәрі куә. Оған ешкім көмектескісі келмеді. Қолын сындырып алған кездің өзінде жалғыз өзін үйге жіберген. Осының бәрін жасап отырған адам оның жеке бапкері әрі Қазақстан құрамасының аға бапкері. Ол адам емес. Спортта жүрмеуі керек. Балаларды жаттықтырмауы тиіс», – деп жазды Семен.

Сергей Седов

Ал Сергей Седов Рио Олимпиадасының алдындатапсырған соңғы допинг тесттің оң нәтиже көрсетуі Альбертті қатты күйзеліске түсірдідеп айтты.

Ауыр атлетика федерациясы ішкі тексеріс жүргіземіз депотыр.

Сенбі күні Семен Линдер бір топ ауыр атлетті жинап,Алматыда баспасөз мәжілісін өткізді. Оның арасында 2016 жылғы РиоОлимпиадасының күміс жүлдегері Жазира Жаппарқұл, қолға жүлдегер Карина Горичеважәне тағы бір ауыр атлет Мария Грабовецкая болды. Басқа қалада тұратынспортшылар Zoomарқылы қосылып, өз ойларын айтып жатты.

Семен Линдер

Семеннің айтуынша, Седов пен ағасының арасындағы кикілжің оқу-жаттығу жиындарында басталған. 2015 жылғы Оңтүстік Кореяда өткен Универсиаданың қарсаңында сол кездегі ауыр атлетикадан ұлттық құраманың бас бапкері Алексей Ни: «Альберт, келесі жылы Рио Олимпиадасына барасың, біз сені таңдадық» деген. Сосын өз талаптарын айтқан. Бірақ оның күмәнді талаптарына Линдер келіспеген. Олай істей алмаймын депті. Семен ағасының адал азамат болғанын еске алып өтті.

«Универсиадан кейін Альберт оқу-жаттығу жиындарына келді. Ол Олимпиада қарсаңында Ташкенттегі Азия чемпионатына бару керек. Сол кезде допингке байланысты сынама тапсыртады. Тексеріс кезінде ағамнан тыйым салынған бірдеңе табады. Негізі ол барлық жарыстарда таза болған. Мен 100 пайыз оның допинг қолданбағына сенімдімін. Альбертті ығыстыру керек болды», – дейді Семен.

КішіЛиндердің айтуынша, осыдан кейін Сергей Седов психологиялықт тұрғыдан ағасынсындыруға тырысқан. Үнемі талаптарды күшейтіп отырған. Бұған шыдамған Альбертпротест ретінде 5-6 күнге дейін тамақ ішпей жүрген. Ал Седов жаттығуды күшейтеберген.

«Бізге ол қинамайтын. Альбертке әдейі солай істеді. Оны сындырғысы келді. Өйткені ағам оның күмәнді істеріне араласпауға тырысты. Седов егер айтқанымен жүрмесе, жолын жабатынын айтқан. Осыдан соң, ағам депрессияға түсті», –  дейді Семен Линдер.

Семен

Бапкер тек психологиялық-физикалық қысымменшектелмеген. Сонымен қатар спортшылардың ақшасын да өз қалтасына басаберген. Ауыр атлеттердің айтуынша, Седовқол астындағылардың банк картасын бермей, өзі ұстаған. Айлықтарын иемденіп, олақшаны витаминге жұмсаймын деп айтатын көрінеді.

2015 жылы Азия чемпионы атанған Мария Грабовецкая спортшылардың бапкерлерініңалдында осыншалықты дәрменсіз болуының өз себебі бар көрінеді.

«Ауыр атлетикаға көбінесе толық емес отбасының балалары барады. Әсіресе, балалар үйінің тәрбиеленушілері жетіп артылады. Олар спорт арқылы жетістікке жетіп, өздерін асырағысы келеді. Ауыр атлетикада «мажорлар» жоқ. Барлығы қарапайым, қиын тағдырлы балалар. Сондықтан олар аяққа тұрып, отбасыларын асырағысы келеді. Оларды кейбір бапкерлер кейіннен пайдаланатыны өкінішті. Мұндайға жол беріп отырған федерациядағы басшылар. Барлығы солардың кінәсі», – дейді Мария Грабовецкая.

яираМ

2011 жылғы Азия чемпионы Мадина Астамирова-Ташкенбаева ауыр атлетикадан ұлттық құрамадағыбапкерлер спортты бизнеске айналдырып алған деп айтты. Яғни сырттан легионерлерәкеліп, сол арқылы өз істерін дөңгелетіп отыр екен. Олар Токиоға қыздарданЗульфия Чиншанло баратынын әу баста білген. Сондықтан басқалары тіптітырыспаған көрінеді.

Спортшылар баспасөз мәжілісінің соңында ҚазақстанПрезиденті Қасым-Жомарт Тоқаев, Ұлттық Олимпиада комитетінің басшысы ТимурҚұлыбаевқа және мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова үндеу жолдады.Олар осы жағдайдың анық-қанығын анықтап, елдегі ауыр атлетикадағы мәселенішешіп сұрады. Сосын бас бапкерді ашық дауыспен таңдау керек деп мәлімдеді.

Бек Төлеуов

Комментарии
Нет комментариев. Будьте первым!
Девушки в спорте