ВЫБОР ПОЛЬЗОВАТЕЛЕЙ
Olimpbet KZ
Букмекер №1 в Казахстане
1xBet KZ
Winline KZ
PIN-UP KZ
Parimatch KZ
Онлайн-букмекер №1

Олимпиададағы антирекорд, 17 жасар вундеркинд. 2021 жыл қазақстандық спортшылар үшін қалай өтті

2021 жылға жоспарланған барлық жарыстар мәресіне жетті. Қазақстандық спортшылар бірінен олжалы қайтса, енді бірінде жанкүйерлер сынының астында қалды. Осы орайда Meta-ratings.kz тілшісі 2021 жыл Қазақстан спорты үшін қалай болғанын еске алды.

Футзалдан Қазақстан құрамасы

Футзалдан Қазақстан құрамасы 2021 жылы Литвада өткен Әлем чемпионатында төрткүл дүниені тамсандырып, төртінші орын алды. Құрамамыз А тобында Коста-Риканы (6:1), Литваны (3:0) жеңіп, Венесуэламен тең (1:1) түсіп, жеті ұпаймен бірінші орынға ие болды.

1/8 финалда Таиланд құрамасын 7:0 есебімен ойсырата жеңіп, ширек финалда Ираннан 2:0 жеңіліп жатып, 2:3 есебімен ғаламат камбэк жасап, тарихта алғаш рет жартылай финалға қадам басты. 1/2 финалда Португалия құрамасынан пенальтилер сериясында жеңіліп қалсақ, үшінші орынға таласта Бразилияға 4:2 есебімен есе жібердік. Есе жіберсек те еңсеміз түспеді. Жаһанға футзалдан Қазақстан деген азулы ұжым бар екенін тағы бір мәрте көрсеттік.

Естеріңізге сала кетсек, сол дүбірлі додада бізід әупірімдеп ұтқан Португалия финалда Аргентинаны 1:2 есебімен жеңіп, әлем чемпионы атанды.

Ал Қазақстан құрамасы ФИФА-ның арнайы Fair Play жүлдесімен марапатталса, Тайнан алты голмен «қола бутсаға» ие болып, Дуглас Жуниор Әлем чемпионатының үздік үші ойыншысының қатарына еніп, «қола доптың» иесі атанды.

Енді Қазақстан құрамасын 2022 жылдағы Еуропа чемпионаты күтуде. Кака шәкірттері В тобында Словения, Финляндия һәм Италия құрамаларымен күш сынасады.

Қамшыбек Қоңқабаев

Қазақстан үшін бір жыл күттіріп барып өткен Олимпиада ойындары сәтсіз аяқталды. Тарихымызда алғаш рет Олимпиаданы алтын жүлдесіз аяқтадық. Бас-аяғы сегіз медаль алсақ, соның барлығы қола болды. Сол себепті де қола дәуірі деген қағытпа қалжыңдар шыға бастады.

Токиоға дейін тәуелсіз ел ретінде алты Олимпиадаға қатыссақ, бәрінен алтын жүлдесіз қайтпағанбыз. Сонымен қатар алғаш рет бокстан Қазақстан құрамасы Олимпиада алтынынсыз қалды.

Сегіз қолаға келесідей спортшылар ие болды: Сәкен Бибосынов, Қамшыбек Қоңқабаев (екеуі де – бокс), Игорь Сон, Зульфия Чиншанло (екеуі де – ауыр атлетика), Елдос Сметов (дзюдо), Дархан Асаділов, Софья Берульцева (екеуі де – каратэ) және Нұрислам Санаев (еркін күрес).

Осылайша алдымызға Қырғызстан, Түркіменстан, Фиджи, Бермуд, Өзбекстан және Моңғолия сынды бірқатар елдерді түсіріп, жалпы есепте 83-ші орынға жайғастық.

Елена Рыбакина

Қазақстанның бірінші, әлемнің 14-ші ракеткасы Елена Рыбакина өзінің алғашқы Олимпиадасында тарихи нәтиже тіркеп, жартылай финалға дейін жетті. Лена алғашқы Саманта Стосур, Ребекка Петерсон, Донна Векич және Гарбинье Мугурусаны бірде-бір сет бермей, кезек-кезек жеңіп, 1/2 финалға шықты.

Жартылай финалда, өкінішке орай, швейцариялық Белинда Бенчичтен 1:2 есебімен жеңіліп, финалға шыға алмай қалды. Рыбакина үшінші орынға таластағы кездесуде украиналық Элина Свитолинаға жеңіліп (1:2), төртінші орынды қанағат тұтты. Ал Еленаны жеңген Бенчич финалда чехиялық Маркета Вондрусованы жеңіп, алтынға ие болды.

Рыбакина жүлдегерлер қатарына қосы алмаса да, Қазақстан теннисінің тарихына еніп, Олимпиаданың жартылай финалына шыққан алғашқы қазақстандық атанды.

Давид Дегтярев

Олимпиададағы сәтсіздік туралы жоғарыда қозғадық. Ал Паралимпиадада отандастарымыз тарихи рекордқа қол жеткізді. Тәуелсіз Қазақстанның тарихында алғаш рет бес медаль жеңіп алдық. Осыған дейін ең көп жүлде жиынтығын 2016 жылы Риода алған еді. Сол жылы қазақстандық паралимпиадашылар екі (бір алтын, бір күміс) медаль алды.

Ал Токио төрінде бес жүлдеге ие болдық. Давид Дегтярев (пауэрлифтинг) алтын алса, Ануар Сәриев, Теміржан Дәулет және Зарина Байбатина (үшеуі де – дзюдо) күміс жүлде алып, Нұрдәулет Жұмағали (жүзу) қолаға қол жеткізді.

Осылайша бес медальмен жалпы есепте 52-ші орынға тұрақтап, тарихымыздағы ең үздік нәтижені тіркедік.

Хоккейден Қазақстаг құрамасы

Хоккейден Қазақстан құрамасы Ригадағы Әлем чемпионатында сенсациялық жеңістерге жетті. Оғландарымыз алғашқы ойындарда турнир қожайындары Латвияны, 2019 жылғы әлем чемпиондары Финляндияны булиттер сериясында жеңіп, хоккейсүйер қауымды таңғалдырды. Одан кейінгі ойындарда Германия (3:2) мен Италияны (11:3) жеңгенімізбен, АҚШ (0:3), Канада (2:4) және Норвегия (1:3) құрамаларына жеңіліп, өкінішке орай, топтан шыға алмадық. В тобында он ұпаймен бесінші орынға жайғастық. Плей-офф кезеңіне алғашқы төрт құрама өтті. Төртінші сатыдағы Канадамен ұпайымыз тең болғанымен, жеке көрсеткіштер бойынша ғана есе жіберіп, бесінші орынды місе тұттық.

Топ жарып топтан шықпағанымызбен, құрамамыз үшін айтралықтай жетістік болды. Плей-оффқа сынық сүйем жерде қалдық. Әлемдік эксперттер Қазақстанды Латвиядағы доданың басты сенсациясына балады.

Ал жалпы чемпионатқа келсек, бізден жеңілген финдер финалға дейін жетіп, шешуші кездесуде Канадаға есе жіберіп, күміс жүлдегер атанды. Канадада да біздің топта болғанын ескерсек, Қазақстан нағыз мықтылардың ортасында өзін тамаша көрсете білді.

Нұрислам Санаев

Қазақстан Токиодағы Олимпиада ойындарына еркін және грек-рим күресінен 11 балуан апарып бір ғана медаль жеңіп алды — Нұрислам Санаев қола жүлдегер атанды.

Токиодағы сәтсіздіктен кейін жанкүйерлер құрамадан бапкерлердің кетуін және жака серпіліс күтті. Алайда құрамада ештеңе өзгермеді.

Одан кейін, қазан айында Будапештте (Венгрия) өткен Әлем чемпионатына Қазақстан 27 балуан апарып, бір күміс және бір қола жүлде алды. Бұл жолы да жанкүйерлер балуандарды сынға алып, алтын жүлде алмағандарына наразы болды. Расында да, қазақстандық балуандар үшін сиыр жылы сәтті бола қоймады.

Сәкен Бибосынов

Боксшыларымыздың Токиода алғаш рет Олимпиада алтынын алмағаны былғары қолғап шеберлері үшін үлкен сыр болғаны анық. Алайда Белградтағы Әлем чемпионатында отандастарымыз осы олқылықтың орнын толтырғандай болды.

Турнир қорытындысы бойынша екі алтын, екі күміс һәм бір қола жүлдемен тарихымызда алғаш рет жалпы есепте екінші орыға тұрақтадық. Осыған дейін бір мәрте көш бастап, төрт рет үшінші сатыға тұрақтаған еді.

Жүлдегерлерге келер болсақ, Теміртас Жүсіпов пен Сәкен Бибосынов әлем чемпионы атанып, Махмұд Сабырхан мен Серік Теміржанов күміс жүлдеге қол жеткізді. Ал жалғыз қола медальді Абылайхан Жүсіпов алды.

Токиода қола алып, Белградта чемпион болған Сәкен Бибосынов жылдың үздік спортшысы атанды.

Футзалдан Қазақстан құрамасы

Футболдан Қазақстан құрамасы Әлем чемпионатыа іріктеу кезеңінде қатарынан екі рет Украинамен тең түсіп, қазақстандық футболсүйер қауымға қуаныш сыйлап, тіпті, Катар жайлы бір сәт ойлауға мүмкіндік бергенімен, артынша жеңілістер сериясы жалғасып, топтағы соңғы ойында Франциядан 8:0 есебімен ұтылып, тарихымыздағы ең ірі жеңіліске ұшырап, топтық кезеңді үш ұпаймен соңғы орында аяқтады. Осылайша қатардан қалып, Катарға бармайтын болдық.

Ал жалпы жеңіске жетпегенімізге бір жылдан асып, тығырықтан шығудың амалы Тәжікстан құрамасы болды. Жылдың соңғы матчында тәжіктермен жолдастық кездесу өткізіп, әупірімдеп жүріп, қарсылас қақпашының арқасында 1:0 есебімен жеңіп, 2020 жылдан бері алғаш рет жеңіске жетті. Сөйтіп, 2021 жылды ФИФА рейтингісі бойынша 119-шы орынмен аяқтадық.

Бибісара Асаубаева

Қазақстандық 17 жастағы бұрымды шахматы Бибісара Асаубаева жылдың соңғы сағаттарында Варшавадағы Әлем чемпионатында блиц бойынша алдына жан салмады.

Блиц бойынша Әлем чемпионаты 17 турдан тұрды. Асаубаева 17 ойын өткізіп, 13-інде жеңіске жетіп, екеуінде жеңілді және тағы бір қазақстандық Жансая Әбдумәлік пен грузиялық Нано Дзагнидземен тең түсті.

Осылайша Асаубаева мүмкін болған 17 ұпайдың 14-ін еншілеп, қарсыластарын шаң қаптырып кетті.

Бибісара Қазақстан тарихында алғаш рет ересектер арасындағы Әлем чемпионатының алтын жүлдесін алды. Сонымен қатар әлем біріншілігінде топ жарған ең жас (17 жас) шахматшы атанып, есімін тарихта қалдырды. Сондай-ақ Бибісара жылдам (рапид) шахмат бойынша күміс жүлдегер атанды.

Міне, осылайша қазақстандық спортшылар бір жерде ақсап, бір жерде соның орнын толтырып, 2021 жылды аяқтады. Әттең-ай деп өзекті өртеп, сан соққан, қуаныштан шарқ ұрып, аспанға бөрік атқан кездер де болды. Өткен жылға өкпе жоқ, жаңа жылдан үміт көп. Жаңа жылда өткен жылдан да жоғары жетістіктерге жетіп, әлемдік спорт ареналарында қазақтың әнұраны жиі шырқалады деп сенеміз.

Комментарии
Нет комментариев. Будьте первым!
Девушки в спорте