ВЫБОР ПОЛЬЗОВАТЕЛЕЙ
Olimpbet KZ
Букмекер №1 в Казахстане
1xBet KZ
Лучшее приложение 2024*
Winline KZ
PIN-UP KZ
Самый надёжный букмекер*
Parimatch KZ
Онлайн-букмекер №1

Финдер азу батыртпады. Қазақстан бір жыл бойы жеңіске жете алмауда

Қазақстан 2022 жылғы Әлем чемпионатына іріктеу кезеңі аясындағы Финляндияға қарсы матчта жеңіліс тапты. Осы орайда Meta-ratings.kz тілшісі ойын туралы өз ойын ортаға салмақ.

Қазақстан - Финляндия

Аталған матчқа құрама бас бапкері Талғат Маруаұлы Украинаға қарсы өткен кездесуге қарағанда мүлде басқа құрам шығарды. Нақтырақ, түнеугүні болған текетіресте негізгі құрамда алаңға шыққандардың арасынан тек Александр Марочкин бүгін ойынға алғашқы минуттардан шықты. Оған футболшылардың сары қағазға байланысты шеттетілуі, виза мәселесі және Байсуфиновтің өз ойлағаны себеп болды. Осылайша үш бірдей ойыншы ұлттық құрама сапындағы дебюттік матчтарына қатысты. Олар: Айдос Тәттібаев, Мақсат Тәйкенов һәм Самат Жарынбетов.

Сол баяғы 5-3-2 схемасы, бірақ мүлде басқа құрам шыққанымен, соңғы Еуропа чемпионатының қатысушыларына қарсы футболшыларымыз, алғашқы таймда лайықты қарсылас бола білді. Қорғанысқа толықтай жатып алмай, допқа көптеп иелік етіп, мейлінше алаңның ортасында өнер көрсетуге тырысты. Бірнеше қауіпті шабуылдар ұйымдастыра білді. Дегенмен тепкені торды тесетін сұрмерген шабуылшының жетпейтіні анық байқалды. Форвардтарымыз қарсыластың айып алаңында сасқалақтап, сан соғып жатты.

Қазақстан - Финляндия

Екінші таймда алғашқы 45 минуттықтағы қарқынды жоғалтып алғандай көріндік. Қауіпті шабуылдардың саны сиреп, пас беруде бірнеше мәрте қателіктер жіберілді және бір гол өткізіп алдық.

Әр ойын сайын жамандайтын қорғаныс шебі бүгін барынша тырысып бақты. АПЛ-де ойқастап жүрген Пуккидің адымын аштырмауға тырысып, мергендігімен көзге түсуіне кедергі бола білді. Ал шабуылшылар Финляндия қорғанысының саңлауын, Градецкий қақпасының кілтін таба алмады. Украинаға қарсы ойында да форвардтар емес қорғаушы қос гол соққан еді. Қазіргі таңдағы құраманың бас ауыртар мәселелерінің бірі сапалы шабуылшы табу болып тұр.

Қазақстан - Финляндия

Жалпы құраманың ойынында алға жылжу бар. Көненің көздерін құрамада тісі сарғайғанша сақтамай, жас ойыншыларға көптеп мүмкіндік беріліп, тек қорғаныста емес шабуылда да сескенбей ойнауға талаптар қойылуда. Оған дәлел Тәйкенов, Оразов, Вороговский, Васильев һәм Шушеначевтер. Әрине, ойындардында кемшіліктер жетерлік. Бірақ біраз қайрап, арқасынан қағып, мүмкіндік берсе, мүлт кетпейтін мықты ойыншылар болары хақ. Қазақтың қара домалақтарына да көптеп мүмкіндік берілуі қуантпай қоймайды.

Қазақстан - Финляндия

Бір өкініштісі, құрамамыздың жеңіске жетпегініне тура бір жыл толуы. Соңғы рет Қазақстан 2020 жылдың 4 қыркүйегінде Ұлттар лигасында Литваны 0:2 есебімен жеңген еді. Содан бері 11 ойын өткізіп, жетеуінде жеңіліп, төртеуінде тең тарқасты. Алдағы кездесулерде осы бір олқылықтың орнын толтырады деп сенеміз.

Естеріңізге сала кетсек, Қазақстан келесі матчын 7 қыркүйек күні сырта алаңда Босния және Герцеговинаға қарсы өткізеді.

Фото: ҚФФ

Комментарии
Нет комментариев. Будьте первым!
Девушки в спорте