ВЫБОР ПОЛЬЗОВАТЕЛЕЙ
Olimpbet KZ
Букмекер №1 в Казахстане
1xBet KZ
Winline KZ
PIN-UP KZ
Parimatch KZ
Онлайн-букмекер №1

Қазақстан - Өзбекстан: Орталық Азияда кімнің мықты екенін анықтайтын кез келді

Ұлттар лигасында сенсация жасаған Қазақстан құрамасы осы жылды қараша айында өтетін жолдастық матчтармен қорытындылайды. 19 қарашада БАӘ командасымен ойнайтыны біраз уақыт бұрын белгілі болған еді, ал осы аптада Өзбекстанмен жолдастық ойын өткізу туралы келісімге келгені мәлім болды.

Өзбекстан құрамасы

Қазақстан мен Өзбекстан құрамалары бұған дейін алты рет кездескен. Екеуінде көршілеріміз жеңіске жетсе, бір ойында Қазақстанның мерейі үстем болған. Ал үш матч тең есеппен аяқталған. Қос команда арасындағы бес матч жиырмасыншы ғасырда өткен. Ол кезде Қазақстан Азия футбол конфедерациясының құрамында еді. Сондықтан Өзбекстанмен жиі күш сынасып тұрды. УЕФА-ға мүше болғаннан кейін қос команда бір ғана матч өткізді. 2007 жылы Шымкенттегі Қажымұқан Мұңайтпасов стадионында Алма-ТВ кубогі аясында өткен ойын 1:1 есебімен тең аяқталды. Қос команда 2020 жылдың наурызында жетінші матчты өткізгелі жатыр еді. Бірақ пандемияға байланысты мүмкін болмады.

Қазақстан - Өзбекстан

Өзбекстан құрамасы ФИФА рейтингінде 77-орынға жайғасқан. Ешқашан әлем чемпионатында өнер көрсетпеген. 2005 және 2013 жылғы іріктеу кезеңінде мундиальға шығуға жақын болған. Алғашында Бахрейннен (1:1, сырт алаңдағы гол маңызды рөл атқарды), ал екінші мүмкіндігінде Йорданиядан (2:2) пенальти сериясында жеңіліп қалды. Бұл командаларды жеңгенде КОНМЕБОЛ-дағы бір елмен өтпелі матч өткізіп, әлем чемпионатының жолдамасын сарапқа салар еді. Өзбекстан 1996 жылдан бері Азия кубогінде бақ сынап келеді және бұл турнирдегі ең жақсы нәтижесін 2011 жылы тіркеді. Үшінші орын үшін болған таласта көршілеріміз Кореяға (3:2) жол берді.

Transfermarkt порталының мәліметіне сүйенсек, Өзбекстан құрамасындағы ойыншылардың жалпы құны 25,65 миллион еуроны құрайды. Ең қымбат ойыншысы – «Ромада» доп теуіп жүрген Эльдор Шомуродов (8 миллион еуро). Өзбекстандық шабуылшы Италияға кетпес бұрын «Ростов» сапында Қазақстан құрамасының қазіргі таңдағы ең қымбат ойыншысы Бақтиер Зайнутдиновпен (3,5 миллион еуро) бірге ойнаған еді. Ресейлік клубтан «Дженоаға» ауысты. Ал ол жерде жүріп белгілі бапкер Жозе Моуриньоның көзіне түсті. Шомуродовты Ресейде жүрген кезінде «Анжи» клубы жалға алмақшы болған. Бірақ Магомед Адиевтің командасы «Ростовпен» ортақ мәмілеге келе алмаған.

Эльдор Шомуродов

Эльдордан кейінгі ең қымбат ойыншы ретінде түркиялық «Фатих Карагюмрюк» клубының жартылай қорғаушысы Отабек Шукуровті (3 миллион еуро) айтуға болады. Ал Қазақстан құрамасындағы ойыншылардың жалпы құны 17,15 миллион еуроға бағаланып отыр.

Өзбекстан құрамасындағы ойыншылардың орташа жасы 25,4 құрайды және Қазақстанға (27,6) қарағанда әлдеқайда жас команда болып саналады. Мәселен, көршілеріміздің құрамында қыркүйектегі ойындарға 30 жастан асқан екі футболшы – қақпашы Уткир Юсупов пен қорғаушы Фаррух Сайфиев (екеуі де 31 жаста) қатысқан. Ал Магомед Адиевтің командасында отыздан асқан он шақты футболшы болды.

Сондай-ақ Өзбекстан құрамасында жасы 21-ден аспайтын төрт ойыншы болса, Қазақстан сапында екеу ғана (Әділет Садыбеков пен Абылайхан Жұмабек) болды.

Сречко Катанец

Қазір Өзбекстан құрамасын 59 жастағы Сречко Катанец жаттықтыруда. Словениялық маман бапкерлік мансабының көп бөлігін ұлттық құрамаларды өткізді. 2006 жылдан бастап Солтүстік Македония, БАӘ, Словения, Ирак кұрамаларында жұмыс істеді. Ал 2021 жылдың тамызында Өзбекстанмен төрт жылдық келісім-шартқа отырды. Оның жетекшілігімен команда 2023 жылғы Азия кубогінің іріктеу кезеңінен іркілмей өтті. Ал қыркүйек айында жолдастық матчтар аясында Камерунды жеңіп (2:0), Коста-Рикаға есе жіберді (2:1).

Сречко Катанецтің командасында Қазақстан футболының жанкүйерлеріне жақсы таныс Игорь Сергеев («Тобыл») пен Шобхоз Умаров («Ордабасы») өнер көрсетеді. «Тобыл» шабуылшысы Өзбекстан құрамасында Эльдор Шомуродовқа қарағанда жеті матч көп өткізген (65), соққан 19 голын да айта кетейік. Ал жақында ғана «Ордабасы» командасына қосылған Шобхоз Умаров өз елінің басты командасы үшін небәрі төрт ойынға қатысқан.

Сергеев және Умаров

«Бұл жолдастық кездесу болғанымен, өз алаңымызда тек жеңіске жетуді көздейміз. Қазақстанның да өзіндік мотивациясы бар, олар Ұлттар лигасында бірінші орын алғанын дәлелдегісі келеді. Жанкүйерлер бұл матчты көп күтті, қызық болады деп ойлаймын, бірақ нақты фаворитті көріп отырған жоқпын. Кімнің ынтасы мен физикалық дайындығы жоғары болса, сол жеңіске жетеді. Шетел чемпионаттарында ойнайтын өзбекстандық ойыншылар көп, мұндай футболшылар Қазақстанда да бар, сондықтан фавориттің кім екенін айту қиын», - деді Умаров Vesti.kz сайтына берген сұхбатында.

Қазақстан құрамасы 2023 жылдың наурызынан бастап Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңінде бақ сынайтын болады. Осы ойындар алдында Магомед Адиев футболшыларды бір тексеріп алуды көздеп отыр.

«Өзбекстан құрамасы Еуро-2024 іріктеу кезеңіне дайындық үшін жақсы қарсылас деп санаймын. Жаттықтырушылар штабы үшін көп мәлімет жинауға мүмкіндік береді. Өзбекстанда сапалы футболшылар көп. Сол себепті осы ойында Еуропа чемпионатының алдағы іріктеу кезеңінде үміт артатын футболшыларды бір тексеріп аламын деп ойлаймын. Өте қызықты ойын болады деп үміттенемін».

Магомед Адиев

Өзбекстан құрамасы 2013 жылдан бері өз алаңындағы ойындарын Ташкенттегі «Миллий» деп аталатын, яғни «Бунедкор» клубының стадионында (сыйымдылығы 34 мың) өткізіп келеді. Ал оған дейін ел астанасындағы 35 мыңдық «Пахтакор» стадионында өнер көрсеткен. Қазақстан құрамасына қарсы жолдастық матч та 16 қараша күні осы стадионда өтеді деп жоспарланған.

Пахтакор стадионы

Бұл жолдастық кездесу болғанымен, қос команданың барын салатыны айтпаса да белгілі. Көрші болғанымызбен, Қазақстан мен Өзбекстан принципалды қарсылас болып саналады. Осы матч арқылы жанкүйерлер Орталық Азияда кімнің мықтырақ екенін, Еуропа мен Азия футболының деңгейін білетін болады.

Комментарии
Нет комментариев. Будьте первым!
Девушки в спорте