ВЫБОР ПОЛЬЗОВАТЕЛЕЙ
Olimpbet KZ
Букмекер №1 в Казахстане
1xBet KZ
Winline KZ
PIN-UP KZ
Parimatch KZ
Онлайн-букмекер №1

Алда В лигасы күтуде, ал Еуро-2024 жолдамасына қалай ие боламыз?

Қазақстан құрамасы Ұлттар лигасы С дивизионының 5-турында Беларусьті 2:1 есебімен жеңіп, мезгілінен бұрын топтағы бірінші орынға ие болды. Бұл тарихи жеңіс бізді Еуропа чемпионатына алып шығуы мүмкін…

Қазақстан

Алдымен «Астана аренада» өткен ғаламат ойынға тоқталайық. Құрамамыз алғашқы минуттардан-ақ өзіне тек жеңіс керек екенін көрсетіп, кездесу тізгінін қолға алғысы келді. Сөйтіп қарсылас қақпасынан саңылау іздеумен болды. 24 минуттағы Аслан Дарабаевтың қақпа маңында сәтсіз соққы жасауы нағыз қауіпті сәттердің бетін ашып, 29 минутта Рамазан Оразовтың көреген пасынан кейін Михаил Габышев Егор Хаткевичті қапы қалдырып, есеп ашты. Ал бірінші тайм аяқталар тұста Павел Савицкий жоқ жерден гол соғып кетті.

Екінші 45 минуттықта толықтай Қазақстан басым болды десек те болады. Бірнеше қауіпті сәттер ұйымдастарды. Оған Сергей Малый мен дәл сол Габышевтың бос қақпаны дәл көздей алмауларын жатқызуға болады. Бірақ әділеттіліктің туы желбіреп, 79 минутта көптен күткен Бахтиер Зайнутдинов Абат Айымбетовтің пасынан кейін жеңісті голдың авторы атанды.

Осылайша тарихымызда алғаш рет Беларусь құрамасын тізе бүктірдік. Осыған дейін алты мәрте кім мықтыны анықтап, төрт ойында жеңіліс тапсақ, екі кездесуде тең есеп тіркелді.

Қазір құрамамыздың қоржынында 13 ұпай бар. Екінші орындағы Словакияда – 6. Словактар қалған екі матчында жеңіске жетсе де, бізді қуып жете алмайды.

Мезгілінен бұрын В лигасына көтерілгеннен кейін халықтың көкейінде «Бұл жеңістің Еуропа чемпионатына не қатысы бар?» деген сұрақ пайда болды. Осы сауалға толығырақ жауап береміз.

Ұлттар лигасы мен Еуропа чемпионаты бір-біріне тығыз байланысты турнирлер. 9 қазан күні Франкфуртте Еуро-2024 іріктеу кезеңінің жеребесі тартылады. Квалификация 2023 жылдың 23 наурызынан 21 қарашасына дейін болады. Өз топтарында бірінші және екінші орын алған командалар Германиядағы кәрі құрлықтың басты додасына қатысады.

Сонымен қатар Ұлттар лигасы А, В һәм С дивизиондарында үздік атанған құрамалар арасында тағы үш жолдама сарапқа салынады. Егер бұл командалардың кейбірі Еуро-ға дәстүрлі іріктеу кезеңі арқылы жолдама алып қойса, олардың орнын Ұлттар лигасында содан кейін келе жатқан құрамалар басады.

Өтпелі кезең ойындары мини-турнир ретінде өтеді. Төрт команда 2024 жылдың 21 наурызында бір матчтық жартылай финалда күш сынасса, 23 наурыз күні оза шапқан екеуі финалдық кездесуде сынға түседі. Қай жеңгені Еуро-ның топтық кезеңіне топ ете қалады.

Шацкий мен Марочкин

Ал Қазақстан кімдермен ойнауы мүмкін десеңіз? Адиев шәкірттері С дивизионындағы өз тобында бірінші орын алған Грекия, Түркия және Грузия/Солтүстік Македонияның бірімен күш сынасады. Аталған құрамалар Еуро-ға іріктеу арқылы жолдама алса, олардан кейінгі орынға тұрақтаған командалармен кім мықтыны анықтаймыз.

«Жанкүйерлерге керемет қолдаулары үшін алғыс айтамын, менің өмірімде бұл бірінші рет, барлығыңызға ризамын. Бұл ертегінің ешқашан аяқталмағанын және стадионның әрдайым лық толы болғанын қалаймын. Нәтиже басқаша болуы мүмкін, бірақ мен жігіттер жандарын салып ойнайды деп уәде беремін. Бірінші таймнан кейін сәл еңсеміз түсті. Бірақ екінші таймда күш қосып, лайықты жеңіске жеттік. Мейрамхана жалдап қойдық па? Оған әрқашан уақыт табылады (күледі). Бірақ мейрамхананы ойлайтындай да болмадық. Бұл ойынның үлкен жауапкершілікті талап еткені бізге қысым көрсетті. ҚФФ президенті бізге ұйымдастырады деп ойлаймын...».

Қазақстан құрамасының бас бапкері Магомед Адиев

«Қазақстанды бірінші орын алуларымен құттықтаймын. Жігіттеріңіз мықты өнер көрсетіп, жеңіске лайықты түрде қол жеткізді. Алмасып шыққан футболшыларымыз бізді күшейтпеді, керісінше, одан да нашар ойнай бастадық. Қазір сіздердің елде футбол дамып келеді. Дұрыс жолдасыздар».

Беларусь құрамасының бас бапкері Георгий Кондратьев

Зайнутдинов

«Бұл жеңіске біз емес, жанкүйерлер лайықты. Жеңіс бізге ауадай қажет еді. Қазақстанға оралғаныма қуаныштымын. Жанкүйерлерді қатты сағындым».

Бахтиер Зайнутдинов

«Жанкүйерлерге алғыс айтқым келеді. Бүгінгі ойында бізге қандай жауапкершілік артылғанын түсіндік, мүмкіндігімізді пайдалана алатынымызға сендік және қажетті нәтижеге қол жеткіздік. Бізге ғаламат атмосфера сыйлаған жанкүйерлерге рақмет. Біз мақсатымызға жеттік».

Михаил Габышев

«Шабуыл шебінде ойдағыдай ойнай алмадық. Қауіпті сәттеріміз де көп бола қоймады. Жолымыз болмады. Қазақстанды топтан шығуымен құттықтаймын! Келесі ойында барымызды салып, жеңіске жетуге тырысамыз».

Қазақстан қақпасына гол соққан Павел Савицкий

Габышев

Сонымен қатар ұлттық құраманы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев құттықтады.

«Бүгін Беларусь командасын жеңген футболшыларымыз Ұлттар лигасындағы өз тобында жеке-дара көш бастады. Бұл – отандық футболдың зор жетістігі. Ұлттық құрамамызды құттықтаймын! Жеңістен жеңіске жете беріңіздер!», – деп жазды Тоқаев твиттердегі ресми парақшасында.

Қазақстан келесі матчын 25 қыркүйек күні сырт алаңда Әзербайжан құрамасына қарсы өткізеді. Біз үшін ештеңе шешпейтін ойын елорда уақытымен 22:00-де басталады.

Комментарии
Нет комментариев. Будьте первым!
Девушки в спорте