ВЫБОР ПОЛЬЗОВАТЕЛЕЙ
Olimpbet KZ
Букмекер №1 в Казахстане
1xBet KZ
Лучшее приложение 2024*
Winline KZ
PIN-UP KZ
Самый надёжный букмекер*
Parimatch KZ
Онлайн-букмекер №1

Қазақстан құрамасы Украинадан тағы да ұпай тартып алды

Бүгін Қазақстан құрамасы «Астана Аренада» Украина құрамасымен тең ойнады. Осы ретте Meta-ratings.kz тілшісі аталмыш матч жайлы өз ойын ортаға салмақ.

Қазақстан құрамасы

Ойын бастала салысымен, қонақтар есеп ашты. Небәрі 2-минутта Роман Яремчук алыстан тамаша соққы бағыттап, Стас Покатиловты қапыда қалдырды. Одан кейін де Украина құрамасының гол соғатын керемет мүмкіндіктері болды. Бірде Покатилов сейв жасаса, кейбір сәттерде қақпа бағанасы көмектесті. Ал Қазақстан құрамасы бірінші таймда жүз пайыздық мүмкіндіктер жасай алмай, қорғаныста ойнауға мәжбүр болды. Бірақ екінші таймда мүлдем басқа команданы көрдік. Талғат Маруаұлы шәкірттері қайта-қайта шабуылға шығып, ардагер қақпашы Андрей Пятовтың мазасын ала бастады. Сондай шабуылдардың бірінде Абат Айымбетов жауапты голды соққан еді. Бірақ қапталдағы төреші, ол аз десеңіз VAR жүйесі бұл голдың офсайдтан соғылғанын көрсетті. Жігіттеріміз мүнымен тоқтап қалмады. Араға бес минут салып Асхат Тағыберген алаң ортасынан әдемі пас асырды. Допты аяғына дәл қондырған Руслан Валиуллин таразы басын теңестірді. Украинаға үш ұпай алып кету үшін келген Александр Петраков бірден ойыншыларын алмастырды. Алаңға шыққан Данила Сикан 93-минутта біздің қақпамыздың маңындағы қарбаласты сәтті пайдаланып, командасын алға шығарды. Қазақстан бұрынғы әдетіне басты дей бергеніміз сол еді, Руслан тағы да гол соқты. Бұл голдың бірінші голдан еш айырмасы болмады. Тек бұл жолы нәтижелі пасты Юрий Логвиненко берді. Осылайша, Қазақстан құрамасы қоржынға екінші ұпайын салды.

Ұлттық құрама

Осы матчтың қаһарманы атанған Валиуллин өзінің соққан голдарын бір күн бұрын өмірден озған әжесіне арнайтынын айтты:

«Құттықтауларыңызға көп-көп рахмет. Ойын қиын болды, біз екі рет есепті теңестіруге мәжбүр болдық. Қазақстан ұлттық құрамасында ойнау мен үшін әрқашан мәртебе, оның үстіне, бұл еліміздің бас командасы үшін соққан бірінші голым. Мен бұл голдарды әжеме арнағым келеді, себебі ол бір күн бұрын дүниеден озды. Қолдау көрсеткендеріңіз үшін баршаңызға рахмет», - деді «Тобыл» футболшысы.

Валиуллин

Ал екінші таймда шабуылға жиі араласуының себебін былай түсіндірді:

«Талғат Маруаұлы үнемі футбол ойна, қорықпа, қорғаныста отырма дейді. Допты қорғаныста қалдырмауға тырысамыз. Біздің бүкіл философиямыз тек шабуылға негізделетін болады», - деді Руслан.

Өз кезегінде Украина құрамасының бас бапкері Александр Петраков Валиуллиннің қорғаушы Александр Караваевті матч бойы әуре-сарсаңға салғанын айтты. Бірақ жаттықтырушы бүкіл команданың кінәлі екенін мәлімдеді. Айтпақшы, күні кеше Петраков «Қазақстанды білмеймін, бірақ Украина Катарға барғысы келеді» деп пікір білдірген еді. Ал бүгін жігіттеріміз керемет жауап берді.

Әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде үш матч өткізіп, екеуінде жеңілмеген Талғат Маруаұлына қандай мақтау сөз айтсақ та жарасады. Еуропа чемпионатының ширек финалына шыққан командадан ұпай алу кез-келген бапкердің қолынан келе бермейтін дүние. Әлеуметтік желілерде Байсуфиновті «қазақтың маңдайына біткен тұлға», тіпті «бұған дейінгі шетелдік бапкерлер Маруаұлының қолына су құюға да жарымайды» деген пікірлер көбейді. Ия, бапкеріміз мұнымен тоқтап қалмаса екен деген тілегіміз де жоқ емес. Айтпақшы, Талғат мырза бүгінгі ойынға мынадай қорытынды жасады:

«Жігіттер бәрін жақсы түсінеді, біз олармен жыл басынан бері біргеміз. Жылдам жіберіп алған голды есептемегенде, үлкен қателіктер болған жоқ, сол голдан кейін біз өзімізге келе бастадық. Екінші тайм тактикалық жағынан жеңіл болды. Білесіз бе, біз үш матч өткіздік: француздармен және Украинамен екі ойын. Наурыздағы кездесулерден кейін біз өзіміздің басты міндетіміз - ойынды тұрақтандыру деп айттық. Бір стильді таңдап алып, заманауи футбол ойнауға тырысу керек. Біз команданы сары аймаққа көтердік, және біз оны осы деңгейде ұстап тұрмыз, бұл өте керемет. Допты бақылау тұрғысынан ойынды тұрақтандырдық. Бірақ командалық ойын, жеке шеберлік тұрғысынан қарсылас бізден бір бас жоғары болды», - деді бас бапкер.

Талғат Маруаұлы

Маруаұлы Шушеначевтің негізгі құрамнан шығу себебін де түсіндіріп берді:

«Біріншіден, ол біздің қазақстандық футболшылар арасындағы ең үздік сұрмерген. Екіншіден, біз жауапкершіліктің дәрежесін түсіндік. Дегенмен, ол бірінші ойынын Украина сияқты байсалды командаға қарсы өткізді. Біз оны бүкіл команда болып қолдадық, жеке әңгімелер жүргіздік. Кейбір сәттерде ол біз қалағандай ойнаған жоқ. Біз оған мынадай мысал келтірдік: егер ол «Қайратта» Вагнер Лавпен ойнаса, бізде тәжірибелі Азат Нұрғалиев бар. Бұл жас шабуылшы үшін қалыпты жағдай».

Әрине, Артурдың ұлттық құрамадағы алғашқы ойынын өткізгенін естен шығармайық. Десе де, оның орнына шыққан Абат Айымбетов ойынды ширатып, нағыз бабында екенін дәлелдеді. Бүгінгі матчтағы Стас Поктиловтың да керемет ойынын айтпасқа тағы болмайды. Алғашқы таймда бірнеше қауіпті сәттің бетін қайтарды. Ал екінші таймда қақпашымен бірге-бір шыққан Руслан Малиновский мен Эдуард Собольдің гол соғуына мүмкіндік бермеді. Сондықтан Талғат мырза бұл жолы да қақпашы таңдауда еш қателеспеді.

волитакоП

Байсуфинов келесі ойында негізгі құрамда өзгерістердің болатыны хабарлады. Демек, Абат, Бақтиер, Георгий секілді ойыншылар бірінші минуттан бастап алаңға шығуы мүмкін. Қазақстан чемпионатына қарағанда, ұлттық құрамадағы ойындар отандық футболшыларға шетелге кету үшін керемет жол ашады. Руслан секілді ойыншылар шетел асып жатса, біз тек қана қуанамыз. Бірақ бір ойынмен ештеңе шешілмейді. Ойыншалар алдағы екі матчта да барын салуы қажет.

Сонымен, Қазақстан құрамасы келесі ойынын сырт алаңда Финляндияға қарсы өткізеді. Аталмыш матч 4 қыркүйекке жоспарланған.

Ернар Ламкадыров

Комментарии
Нет комментариев. Будьте первым!
Девушки в спорте