ВЫБОР ПОЛЬЗОВАТЕЛЕЙ
Olimpbet KZ
Букмекер №1 в Казахстане
1xBet KZ
Winline KZ
PIN-UP KZ
Parimatch KZ
Онлайн-букмекер №1

Жақсыбеков бас тартты. ҚФФ президенттігіне үміткерлердің нақты тізімі белгілі болды

2022 жылдың 10 ақпанында «Қазақстан Футбол федерациясы» қауымдастығы» ЗТБ сайлау комитетінің жиыны өтті, деп хабарлайды ҚФФ ресми сайты.

Комитет ҚФФ президенті сайлауына қауымдастық мүшелері ұсынған үміткерлердің құжаттарын қарады. Сайлау 2022 жылдың 28 ақпанында ҚФФ Конференциясында өтеді.

ҚФФ президенті Жақсыбеков Ә.Р. кандидатурасы сайлауға қатысудан бас тартуына байланысты тіркелмеді.

Жиын қорытындысы бойынша алдағы сайлауға келесі үміткерлер тіркелді:

Барменқұлов Әділет Назарбайұлы – ҚФФ Атқару комитетінің мүшесі, «Қазақстан Футбол федерациясы» қауымдастығы» ЗТБ президентінің кеңесшісі;

Жарылқасынов Ерлан Еркінбекұлы – «Қазақстан әуесқой футбол лигасы» ҚБ төрағасы;

Қаниев Берік Сералыұлы – ҚФФ Атқару комитетінің мүшесі, «Lancaster Group Kazakhstan» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы;

Лория Давид Григорьевич – Нұр-Сұлтан қаласының Футбол федерациясы қауымдастығы ЗТБ президенті;

Оразбеков Қайрат Айтмолдаұлы – ҚФФ Атқару комитетінің мүшесі, «Қайрат» АФК президенті.

Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.

Комментарии
Нет комментариев. Будьте первым!