Қазақстандық балуан Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды

Қазақстандық еркін күрес шебері Акбар Курбанов Моңғолияда өтіп жатқан Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды.

Курбанов 61 келіге дейінгі салмақ дәрежесінің қола жүлдесі үшін күресте бахрейндік Алибег Алибеговпен белдесіп, 5:4 есебімен жеңіске жетті.

Естеріңізге сала кетсек, бүгін күрес түрлерінен Азия біріншілігінің соңғы күні. Алда үш қазақстандық балуан алтын жүлде үшін күш сынасады.

Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.

Комментарии
Нет комментариев. Будьте первым!