Үш қазақстандық балуан Азия чемпионатының финалына шықты. Қарсыластары да белгілі

Күрес түрлерінен Моңғолиядағы Азия чемпионатының соңғы күні өтуде. Бүгін, 24 сәуірде, үш қазақстандық еркін күрес шебері финалға жолдама алды.

Олар: Әлішер Ерғали (125 кг), Нұрқожа Қайпанов (74 кг) және Азамат Дәулетбеков (86 кг).

Ал Ақбар Құрбанов (61 кг) пен Әділет Давлұмбаев (92 кг) қола жүлде үшін күреседі.

Қазақстандықтардың финалдық кезеңдегі қарсыластары:

61 кг: Алибег Алибегов (Бахрейн) — Ақбар Құрбанов

74 кг: Йонес Алиакбар Эмамичогаи (Иран) — Нұрқожа Қайпанов

86 кг: Азамат Дәулетбеков — Дипак Пунья (Үндістан)

92 кг: Әділет Давлұмбаев — Такума Оцу (Жапония)

125 кг: Әлішер Ерғали — Ядолла Мохаммадказем Мохеби (Иран).

Финалдық белдесулер елорда уақытымен 16:00-де басталады.

Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.

Комментарии
Нет комментариев. Будьте первым!