ВЫБОР ПОЛЬЗОВАТЕЛЕЙ
Olimpbet KZ
Букмекер №1 в Казахстане
1xBet KZ
Лучшее приложение 2024*
Winline KZ
PIN-UP KZ
Самый надёжный букмекер*
Parimatch KZ
Онлайн-букмекер №1

«Линдердің өліміне допинг дауының қатысы бар». Байрамуков – спорттағы мәселелер мен күрестің дамуы туралы

Еркін күрестенҚазақстанның спорт шебері, 2000 жылғы Сидней Олимпиадасының күміс жүлдегеріИслам Байрамуков YouTube-тағы «Спорт Министрі» арнасына қонаққа барды. Осыретте Meta-ratings.kz тілшісі сұхбат барысында айтылған маңызды пікірлердіжинақтады.

Байрамуков

— Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайы туралы неайтасыз?

— Заман талабына сай салынған екен. Бұл көңіл қуантарлықдүние. Осы өңірде тұратын балалардың осы жерде жаттығуы керемет әсер сыйлайды. Мұнда бірінші рет келіп отырмын. 1996 жылғыОлимпиадаға дайындық жұмыстарын Алматыдағы кинотеатрда өткіздік. Тәуелсіздіктіенді ғана алған кезіміз еді, жағдай нашар болды. Бірақ спортқа дегенқызығушылығымыз жоғалмады.

— Қазір немен айналысып жүрсіз?

— Жақында ғанаҚазақстан Мәдениет және Спорт министрінің кеңесшісі болып тағайындалдым. Оданбөлек, Алматыда спорт клубын ашқан едім. Балалармен алысып-жұлысып,тәжірибеммен бөлісіп, күреске баулып жатырмын.

Қазіргі кезде Спортминистрі қолынан келгенін жасап жатыр. Ол спорттың адамы емес. Бірақ бәрінтүсіндіріп, реттеп берсең, ол кісі дұрыс шешім қабылдайды. Әлі күнге дейінтаныс-тамыр мәселесі жойылған жоқ. Ұяттың арқасында онымен күресуге болады.Біздің менталиттете «ұят болады» деген керемет керемет сөз бар.

Байрамуков

— Ауыр атлетикадағы былық жайлы не ойлайсыз?

— Елімізде бұғандейін де ауыр атлетикадан түрлі былықтар шықты. Бұл бізге абырой алып келгенжоқ. Есімдерін атамай-ақ қояйын, бірақ белгілі спортшыларымыз бүкіл әлемгемасқара болды. Жіберілген қателіктер өте көп. Іс қозғалды, келісім-шартқа отырмасаң,допинг қолданғаның жайлы айып тағылады деген де әңгімелер пайда болды.Еліміздегі спортқа жауапты адамдар ауыратлеттердің өмірін ойыншыққа айналдырды.Бұл туралы өздеріне де айттым.

Талдықорғанда өткенжиынға әр өңірден ауыр атлетикаға қатысы бар адамдар келді. Сол кезде біроблыстың өкілі осы уақытқа дейін мұндай шараның болмағанын айтты. Бізді адамсекілді көрмеді, ешкім тыңдамады деп ашынды. Министр сол жиынға қатысуға мәжбүрболды.

Линдер

Альберт Линдердіңөліміне де допинг дауының қатысы бар. Рио Олимпиадасының алдында оның допингқолданғаны анықталған, бірақ басқа бір жерге тексерілгенде оның денесінен тыйымсалынған заттар табылмаған екен. Осы әсер етті, басқа да себептер болған шығар.Ел шулап, бұл әңгіме президентке дейін жетті. Мемлекет басшысы не істейді? Еңалдымен министрді шақырады. Сондықтан бұл іске министрдің тікелей өзі араласты.Үш-төрт кездесу болды, кейін нақты шешім қабылданды. Жиын барысында барлық адамөз пікірін білдірді. Олар аға бапкерді өздері сайлағысы келетінін айтты. Бәріқолдап, бас бапкерді бекітті. Бұл тірлікке министрдің араласқаны дұрыс болмады.Тіпті сол кісіге қарсы шыққандар болды. Басты мақсат еліміздің намысын қорғауемес пе?! Атсалысып, ауызбіршілік танытуға болар еді. Бәрі отырып алып, «менбастықпын» деп тұрса, біз алысқа бармаймыз.

— Қазақстан чемпионатына мықты балуандарымыздың қатыспаусебебі неде?

— Бұл сұрақтыфедерацияға қою керек. Жақында жастар және ересектер арасындағы әлембіріншілігі өтті. Сол жерде жүлде алған спортшыны ел чемпионатынан босатуғаболады, ал қалғандары міндетті түрде қатысуы керек деп ойлаймын.

— Қазір күресті дамыту үшін барлық жағдай жасалған. Бұданнәтиже шыға ма?

— Мұның нәтижесінбіраз уақыттан кейін көреміз. Қазір күресті дамыту үшін барлық жағдай жасалыпжатыр. Бұл өте керемет дүние. Басқа спорт түрлерімен салыстырғанда, күрес көпақшаны қажет етпейді. Балуандарымыз бен боксшыларымыздың алып жатқан ақшасыфутболмен салыстырғанда өте аз. Сондықтан сыйақы беріп тұру керек.

— Еліміздегі футбол жайлы не айтасыз?

— Жақында әңгімебарысында «Астана» басшылығындағы бір адамдан «клуб базасын көргім келеді» депсұрадым. Балалардың қалай дайындалатынын, алаңның сапасын бақылағым келді.Сөйтсем, құрылғанына он екі жыл болған клубтың базасы жоқ екен.

Байрамуков

— Еркін күрестен отандық спортшылар әлем чемпионыатанбаған екен. Тіпті әлем біріншілігін өз елімізде өткізсек те, нәтижеболмады.

— Жігіттер ол кездеекі күміс алды. Менің ойымша, балаларға психологиялық тұрғыдан қиын болды.Балуандарымыз соңына дейін күрессе, тамаша болар еді. Бірақ екі күміспеншектеліп қалды. Алда әлі талай жарыстар бар. Өсіп келе жатқан балалар дажеткілікті. Үміт жоқ емес. Қазір жұмыс жасалып жатыр. Бірақ федерацияда жұмысістемегендіктен, оның сапасына баға бере алмаймын.

— Олигархтардың спорт федерацияларын басқаруы дұрыс нәрсеме?

— Ресейде осығанқатысты мәселе туындап еді. Бірақ сол елдегі атақты спортшылар бұған қарсыболғандықтан, Ресей президенті олигархтарды спорт федерацияларынан алыптастады. Оларды тек демеуші етіп қойды. Спорттан хабары болмаған бизнсменбасшылыққа келсе, өзіне жақын адамды жанына тартады. Ал ол өзі қалаған нәрсеніжасатады. Сен онымен кездесе де алмайсың. Үнемі шетелде жүреді дегендей...

Байрамуков

— Сақалдың күреске тигізер әсері бар ма? Халық сақалдыбалуандар бапкерін тыңдамайды, өздерінің жеке ұстаздары болады деп айтыпжатады.

— Дағыстаннан шыққанқаншама Олимпиада чемпиондары бес уақыт намаз оқиды. Бұл күреске кедергікелтірмейді. Керісінше, намаз оқыған адам тәртіпті болады, ішімдікке жоламайды,бәрін уақытылы жасайды, ешкімге жамандық тілемей, тек өз ісімен айналысады.

— Қырғызстанда күрестің дамуына не әсер етті?

— Олар қазір жақсыжетістіктерге жетіп жүр. Біздің спортшылар жеңіс тұғырынан көрініп жүргенкезде, оларда бұл спорт түрі мүлдем дамымаған еді. Бірақ уақытты босқакетірмей, еңбек етті. Қазір соның жемісін көріп жатыр. Бізде сол бағытта жұмысістесек, Олимпиадада және әлем біріншілігінде топ жарамыз.

— Спортшылар тығырыққа тірелсе, неге өздерін жоғалтыпқояды?

— Біздің спортшылармансабы аяқталғаннан кейін ешкімге керек болмай қалады. Санаулы ғана адамдарфедерацияға немесе басқа да жерлерде қызмет атқарады. Олимпиада чемпионыатанған спортшыны партияға кіргізіп жатады, ал көбісі шетте қалып кетеді.Сондықтан бұл мәселені заңды түрде шешу керек. Спортшыларды мансабын аяқтамайжатып, оқытып, жұмысқа орналастыру қажет. Нақты бағдарлама түзілуі тиіс. Біздіңспортшылар жылы жерге орналасып алады да, одан кейін үні шықпай жатады. Спорттанхабары жоқ адам бірдеңе ұйымдастырып, соларға өз әмірін жүргізеді.

— Бізге легионерлер керек пе?

— Жоқ. Қазір біздіңқұрамадағы жігіттер жаман емес. Шетелден келген балуанның артық жер жоқ. Бармәселе – еңбекте.

Байрамуков

— Қазақстан халқына өкпеңіз бар ма?

— Жоқ. Спорттың жәнеелдің арқасында осындай биік жетістіктерге жеттім, танымал болдым. 2000 жылғыОлимпиада ойындарынан кейін бір кісі «бір-екі жылдан кейін сендер ұмытылыпкетесіңдер» деп айтып еді. Содан бері 21 жыл өтті. Құдайға шүкір, елдің есіненшыққан жоқпыз. Қазақстан халқына көрсеткен құрметі үшін алғысым шексіз.

Комментарии
Нет комментариев. Будьте первым!
Девушки в спорте