ВЫБОР ПОЛЬЗОВАТЕЛЕЙ
Olimpbet KZ
Букмекер №1 в Казахстане
1xBet KZ
Winline KZ
PIN-UP KZ
Parimatch KZ
Онлайн-букмекер №1

Қырғыздармен бірге дайындалудан ұялмау керек. Әйелдер күресінен ұлттық құраманың экс-бапкерімен сұхбат

Қазақстандағы әйелдер күресінхалықаралық деңгейге көтерген, екі бірдей Олимпиада ойындарында ұлттық құраманыбастап барған білікті бапкер Саржан Жақсыбеков 70 жасқа толды. Meta-ratings.kz тілшісімерейтой иесін құттықтап, сұхбаттасудың сәті түсті.

Саржан

– Аға алдымен, мерейтойыңыз құттыболсын!

– Рахмет. Негізі туған күнім 8 қараша. Сондықтан осы күні атап өтемін. Алқұжат жүзінде 18 қараша деп жазылған. Дәулет Тұрлыхановтың туған күні де 18қараша. Екеуіміздің туған күніміз құжат бойынша бір күнде.

– Ұзақ жылдар бойы әйелдерқұрамасының тізгінін ұстадыңыз. Қазір зейнет жасыңыздасыз. Бірақ залға барыптұратын сәттеріңіз бола ма?

– Үйімнің қасында өзімнің жеке залым бар. Грэпплинг, джиу-джитсу сияқтыспорт түрлерінің өкілдері келіп те дайындалды. Өйткені еркін күрессіз оларғақиын. Қазір жиырмаға жуық баланы дайындаймын.

– Жақында Ослода әлем чемпионатыөтті. Теледидардан тамашалауға мүмкіндік болды ма?

– Иә, чемпионатты көрдік. Кезінде жастар құрамасында аға бапкер болғанымдаөнер көрсеткен Жәмилә Бақбергенова күміс медаль алды. Жақсы балуан.

Жақсыбеков

– Енді өткенге шегініс жасасақ,бапкерлік жолға қалай түстіңіз?

– 16 жасымнан еркін күреспен тұрақты айналыса бастадым. Сол кездесыныптастармен бірге Нұркен Әбдіров атындағы Қарағандыдағы спорт комбинатындағыкүрес секциясына жазылдық. Алғашқы бапкерім – Феликс Премильский. Кейін ол кісі Мәскеуге көшті. Ресейдіңалтын дауысы атанған диктор. Өткен ғасырдың 80-жылдарынан бастап, барлық күресжарыстарын жүргізген. Биыл 86 жасында коронавирустан қайтыс болды.

Спортшы ретінде екі рет Қазақстанчемпионатында топ жардым. КСРО халықтарының Спартакиадасына қатыстым. Одақчемпионатында күміс жүлдегер атандым. 1977 жылы Алматыда өткен КСРО мен АҚШқұрамасы арасындағы матчтық кездесуде командаға алындым. Ол кезде 7:3 есебіменкездесу біздің пайдамызға шешілді. Спортпен бірге бапкерлікті қатар алыпжүрдім. Өйткені сол тұста Қарағандыдағы дене шынықтыру институтының күндізгібөлімінде оқитынмын.

– Алғашқышәкіртім Қайрат Оспанов КСРО чемпионы атанды. Сонымен қатар жиырмаға жуық спортшеберлерін дайындадым.

– Аләйелдер күресіне келуіңізге не себеп болды?

– Феликс Премильский бапкерім Мәскеугекөшіп кеткенімен, байланысымыз үзілмеді. Сол кісі қыздарды жаттықтыруымды қолғаалуға кеңес берді. Әйелдер күресінің болашағына сенді. Сөйтіп, жаңа ғасырдыңбасында жұмысты бастап кеттік. Кейін Қарағанды облысының аға бапкерім болыптағайындалдым. 2004 жылы елордадағы Олимпиада орталығының әйелдер бөліміндежұмысқа шақырту алдым. Сол кездегі спорт агенттігінің төрағасы ДәулетТұрлыханов сенім артты.

Жақсыбеков

- Ұлттық құрама туралы айтыпөтсеңіз?

- 2006 жылы Дохадағы жазғы Азия ойындарының қарсаңында осындай ұсыныс түсті.Ұзақ ойлана келе келісім бердім. Катар астанасында алғашқы жүлдеміз бұйырды.Алматылық Ольга Смирнова 5 келіге дейін салмақта күміс медальға қол жеткізді.Келесі жылы Бакудегі әлем чемпионатына құраманы бастап бардым. Сол кезде жігіттержағы сәтсіз өнер көрсетсе, бізден үш медальға ие болдық. Екі Ольга (Смирновамен Жәнібекова) қола медаль иегері атанса, Елена Шалыгина финалға дейін жетті.Жыл қорытындысы бойынша мені 2007 жылдың үздік жаттықтырушы деп таныды.Жерлесім Серік Сәпиев сол жылы екі дүркін әлем чемпионы атанғандықтан үздікспортшы номинациясына ие болды.

– Енді Олимпиадаға тоқталсақ...

– Әйелдер күресі Олимпиада бағдарламасына 2004 жылы қосылды. Ол кезде 4салмақ болған. Қазақстан әйелдер құрамасын алғаш 2008 жылы бастап бардым.Бейжіңге 4 салмақтың барлығында лицензия еншіледік. Бірден жүлдеге де іліктік. ЕленаШалыгина қола жүлде ие болды.

– Кезінде құрамаға Шальгина,Манюрова секілді легионерлердің келуіне ықпал еттіңіз. Қазір құрамаға сырттанспортшы шақыру қажет пе?

– Елена Шальгина мен Гюзель Манюровадан бөлек, Жұлдыз Ешімова бар. Олөзіміздің қандасымыз. Қазақтың қызы. Қырғызстаннан алып келдім. Жеті жыл меніңүйімде тұрды. 19 жасында еңбек сіңірген спорт шебері атанды. Екі мәрте әлембіріншілігінде жүлдегер болды. Олимпиада ойындарында бағы жанған жоқ. Негізіөте мықты балуан. Кейіннен тұрмысқа шыққан. Баламен үйде отыр. Елордада Қазақстанчемпионаты өтеді екен, соған қатысамын деген. Бірақ ойлан дедім. Негізі жасы 33-те.Шетелде мұндай жаста күресе береді. Манюрова 40 жасында Олимпиаданың жүлдесіналды ғой.

Жақсыбеков

– Қазақстан әйелдер құрамасыБейжіңнен бастап, қатарынан үш Олимпиада ойындарында жүлде алды. Бірақ биылқыздарымыз бос қайтты...

- Рио Олимпиадасында үш қызымыз үштікке ілікті. Бұл менің багажым депбілемін. Өйткені кезінде сол қыздардың бәрін әлемдік жарыстарға алғаш апарғанда өзім едім. Лондонда нәтиже көрсеткеніме қарамастан мені орнымнан алыптастады. Соған ренжулімін. Одан кейін Риоға Қайрат Сағадиев құраманы бастапбарып барды. Бірақ оған да мүмкіндік бермеді. Не үшін орнынан кетіргенітүсініксіз. Өте мықты білікті бапкер. Алғашында жастармен жұмыс істеген. Құрамадағыбылықтардан кейін қаншама қыз спортты тастап кетті.

Жалпы, әйелдер күресіне басымдық беру керек деп ойлаймын. Алты салмақбойынша жүлделер сарапқа салынады. Сол 2012 жылы салмақтардың көбейетінінбілдім. Токиода алты жолдаманың жартысын ала алмадық. Елімізде лицензиялық әлемчемпионаты өтіп тұрып, жолдама толық жиналмады. Кемі бес жолдама керек еді.Сондықтан жүлде болмайтынын білдім.

– Осы неге Гюзель Манюроваменқұрама қыздары арасында неліктен көбейіп кетті?

– Айым Әбілдина, Айжан Исмағұлова сияқты қыздармен қырылды. Қаншамакикілжің болды. Екатерина Ларионованың әкесімен де шиеленіскен жағдай бар. ЕндіАйжан Манюрова кеткен соң, қайта күресті жалғыстарамын деп отыр.

– Гюзельді Қазақстанға әкелгенсіз емес пе?

– Мен басшылыққа ұсыныс жасадым. Олар қолдады. Гюзель спортшы ретіндеелімізде еңбекті ақтады. Екі Олимпада ойындарында да жүлдеге қол жеткізді. Алекеуіміздің арасындағы жағдайға спорттағы басшылардың әрекеті деп білемін.Өйткені оны біреулер айдап салып қойды. Сондықтан оған ренжімеймін.

Алғаш елдегі әйелдер күресін аяққа тұрғызатын кезде сырттан спортшышақыруға тура келді. Сондықтан олардың барлығының көмегі тиді. Бірақ Гюзельбапкер немесе басшы ретінде ештеңе бітірген жоқ.

Жақсыбеков

– Әйелдер күресі дегенде Жапонияеске түседі. Олардың мықтылығы неде деп ойлайсыз?

– Күншығыс елінде оқу-жаттығу жиындарына бардым. Жапония әйелдер күресінеқатты мән береді. Айналысатын адам көп. Сондықтан таңдау мүмкіндігі жоғары.Бәсекелестік қалыптасқаг. Бір салмақта бірнеше балуан бар. Барлық жағдайдыжасап тастаған.

Қырғызстанда Айсұлу Тыныбекованы көріп отырсыздар, екі дүркін әлем чемпионыатанды. Кезінде мен бапкер болып жүргенде келіп тұратын. Сол еңбекқорлығыныңарқасында осындай жетістікке жетіп жатыр. Бізге де сол қырғыздармен біргеоқу-жаттығу жиынын өткізу керек. Олардың әлемдік деңгейде үш балуаны жүр.Қашпай, бірге дайындалуға тырысқан дұрыс. Кезінде бізден үйренсе, қазіралдымызға шығып кетті.

– Сөз соңында отбасыңыз туралыайтсаңыз?

Жеке өмірден жолым болды. Жұбайым Айнаш екеуіміз төрт баланы өсірдік.Барлығы жоғары білім алды. Бірнеше немерем бар. Үлкен қызым – Динара суғасекіруден спорт шебері. Кейін Спорт комитетінде жұмыс істеді. Қазір баламендекретте отыр. Ұлым менің жолымды қуып, әйелдер күресінен жаттықтырушы болған.Қазір Алматыда тұрады. Басқа қызметке ауысты.

– Әңгімеңізге рахмет!

Әңгімелескен – Бек Төлеуов

Комментарии
Нет комментариев. Будьте первым!
Девушки в спорте