ВЫБОР ПОЛЬЗОВАТЕЛЕЙ
Olimpbet KZ
Букмекер №1 в Казахстане
1xBet KZ
Winline KZ
PIN-UP KZ
Parimatch KZ
Онлайн-букмекер №1

Ешімованың оралуы, Сыздықованың жеңілісі. Әйелдер күресінен 2021 жылғы Қазақстан чемпионатының қорытындысы

Нұр-Сұлтан қаласында күрестүрлерінен 2020 жылғы Қазақстан чемпионаты өтіп жатыр. Meta-ratings.kz тілшісіәйелдер арасындағы 10 салмақтағы жаңа жеңімпаздарға шолу жасап көрмек.

Күрес

Сонымен, биылғы Қазақстан чемпионаты қалай өтті. Ең жеңіл салмақ яғни 50келіде Алматы облысының тәжірибелі балуаны Айгүл Нұрәлім жеңіске жетті. Олфиналда былтырғы чемпион Светлана Анкичеваның осал тұсын тапты.Шымкенттік Мәдина Жеңісқызы екінші жыл қатарынан қола жүлдеге ие болып отыр.Тағы бір үшінші орынға Камила Апекова (Павлодар)қол жеткізді.

50 келі

Сонымен, биылғы Қазақстан чемпионаты қалай өтті. Ең жеңіл салмақ яғни 50келіде Алматы облысының тәжірибелі балуаны Айгүл Нұрәлім жеңіске жетті. Олфиналда былтырғы чемпион Светлана Анкичеваның осал тұсын тапты.Шымкенттік Мәдина Жеңісқызы екінші жыл қатарынан қола жүлдеге ие болып отыр.Тағы бір үшінші орынға Камила Апекова (Павлодар)қол жеткізді.

53 келі

Ал 53 келідеЖұлдыз Ешімоваға тең келетін ешкім болған жоқ. 33 жастағы Қырғызстанның тумасытұрмысқа шығып, бірнеше жыл үлкен спорттан алшақтап кеткен. Ол бұған дейін екімәрте әлем чемпионатында жүлдегер болған. Соңғы рет осыдан 10 жыл бұрынСтамбұлда қола медаль еншілеген. Енді, міне, бозкілемге қайта оралып, әлі деҚазақстанда өз салмағында мықты екенін дәлелдеді. Финалда Ақмола облысыныңөкілі Эллада Махяддинованы жеңді.

Осы чемпионатта әйелдер күресінен Алматы облысының құрамасы жоғары дайындықпенкеліпті. 55 келінің финалында осы өңірдің екі тумасы күресті. Айнұр Әшімова АлтынШағаевадан басым түсіп, 2021 жылғы Қазақстан чемпионы атанды.

Нилуфар

Биыл жастарарасында әлем біріншілігінде топ жарған түркістандық Нилуфар Раимова 57келіде алғаш рет Қазақстан чемпионатында жеңіске жетті. Ол финалда былтырғычемпион Эмма Тисинаны айқын басымдықпен жеңді. Нилуфар былтыр дәл осы Эммағажартылай финалда есе жіберген.

Ал 59 келідеекінші жыл қатарынан Нұр-Сұлтан қаласының өкілі Диана Каюмова үздік шықты.Финалда ол Маңғыстаудан келген Айжан Исмағұлова мүмкіндік қалдырған жоқ.

Сонымен қатар62 келіде де Аяулым Касымова екінші жыл қатарынан өз салмағының көшбасшысыекенін дәлелдеді. Финал дәл былтырғыдай өрбіді. Өйткені екінші орын ақмолалықИрина Кузнецоваға бұйырды.

Түркістаноблысы екінші алтынға 65 келіде қол жеткізді. Бұл салмақта осы облыс атынан бақсынаған Дариға Әбен финалда Алматықаласының намысын қорғаған Гаухар Мұқатайды жеңді.

Бақбергенова

Одан кейінгіекі салмақта Мәдина және Жәмилә Бақбергеноваларға тең келетін ешкім болған жоқ.Егіздің сіңірі Мәдина бұл жолы Нұр-Сұлтан қаласының намысын қорғады. Өйткені олосы күні елордаға тұрмысқа шыққан. Ал Жәмилә Алматы облысының кезекті алтынынақол жеткізуіне үлесін қосты.

Әйелдеркүресінен Қазақстан чемпионатының соңғы алтыны Гүлмарал Еркебаеваға бұйырды.Олимпиадалық салмақ саналатын 76 келіде ол финалда Рио Олимпиадасының қолажүлдегері Эльмира Сыздықованы жеңді. Соңғы жылдары осы салмақтағы негізі тартысосы екі балуан арасында өрбіп жүр.

Жалпыкомандалық есепте Алматы облысының қыздары бейресми командалық есепте үздікшықты. Олар 5 алтынға қол жеткізді. Екінші орынға Нұр-Сұлтан қаласы орналасты(3 алтын). Үздік үштікте Түркістан облысы бар (2 алтын).

50 келі

1.Айгүл Нұрәлім (Алматы облысы)

2. СветланаАнкичева (Нұр-Сұлтан)

3. Камила Апекова (Павлодар)

3.Мәдина Жеңісқызы (Алматы).

53 келі

1.Жұлдыз Ешімова (Нұр-Сұлтан)

2.Эллада Махяддинова (Ақмола)

3.Асылзат Сағынбай (Қызылорда)

3.Айша Уалишан (Шымкент).

55 келі

1. Айнұр Әшімова (Алматы облысы)

2. Алтын Шағаева (Алматы облысы)

3. Айша Қаппар (Қызылорда)

3.Зейнеп Баянова (БҚО).

57 келі

1.Нилуфар Раймова (Түркістан)

2.Эмма Тисина (Нұр-Сұлтан)

3.Марина Седнева (Алматыоблысы)

3.Назгүл Нұрахан (Алматы облысы).

59 келі

1.Диана Каюмова (Нұр-Сұлтан)

2. Айжан Исмағұлова (Маңғыстау)

3.Мәдина Аман ( Түркістан)

3.ҚұралайНұрмұхаметова ( ШҚО).

62 келі

1.Аяулым Қасымова ( Алматы облысы)

2.Ирина Кузнецова (Ақмола)

3.Тыныс Дубек(Алматы облысы).

3. Айзара Бейсембай (Павлодар).

65 келі

1.Дариға Әбен (Түркістан)

2.Гаухар Мұқатай ( Алматы)

3.Асылым Біржанқызы ( Ақмола)

3.МеруертИманбекова (Алматы).

68 келі

1.Мәдина Бақбергенова (Нұр-Сұлтан)

2.Альбина Қайыргелдинова ( Ақмола)

3.Әсия Әліпбек(Шымкент)

3.АнастасияПанасович (БҚО).

72 келі

1.Жәмилә Бақбергенова (Алматы облысы)

2.АлександраЗайцева (Ақмола)

3.Арайлым Алтынбек(Түркістан)

3.Валерия Гончарова(Қарағанды).

76 келі

1.Гүлмарал Еркебаева (Алматыоблысы)

2.Эльмира Сыздықова (Қарағанды)

3.Ділназ Мулкинова (Алматы)

3.Айнагүл Абирова (Қарағанды).

Бек Төлеуов

Комментарии
Нет комментариев. Будьте первым!
Девушки в спорте