ВЫБОР ПОЛЬЗОВАТЕЛЕЙ
Olimpbet KZ
Букмекер №1 в Казахстане
1xBet KZ
Winline KZ
PIN-UP KZ
Parimatch KZ
Онлайн-букмекер №1

Олимпиада ойындарының ұраны өзгерді және самбо мен кикбоксинг қосылды

Сейсенбі 20 шілдеде Жапония астанасы Токио қаласында Халықаралық Олимпиада комитетінің 138-сессиясы басталды. Жиынның бірінші күніндегі маңызды тақырыптарды Meta-ratings.kz тілшісі баяндайтын болады.

ХОК 138-сессия

Сессияға ХОК президенті Томас Бах, Жапония премьер-министрі Ёсихидэ Суга және басқа да басшылар қатысты.

Олимпиада ойындары ресми түрде 23 шілде күні ашылады. Қазақстанда Олимпиада ойындарын телеарналардан көрсетпеу қауіпі төніп тұр. Qazaqstan және Хабар арналары әзірге бір келісімге келмегендерін хабарлап үлгерді.

«Олимпиаданы өткізбеу оңайырақ болды»

Сессиядағы негізгі өзекті тақырып – коронавируспен күрес және пандемиядан кейінгі өмір болды. Жиынның басы COVID-19 індетінен қаза тапқандарды 1 минуттық еске алумен басталды.

Сессия кезінде Токиоға келген тағы 9 адамның коронавирус жұқтырғаны хабарланды. Токиода 1 шілдеден бері 67 адамнан симптом анықталған.

«Былтыр індет өршіп жатқан тұста біздің алдымызда екі таңдау тұрды. Яғни Олимпиада ойындарын кейінге шегеру немесе өткізбеу. Ең жеңілі – өткізбеу еді.Сонда біз сақтандыру төлемін алып, Париждегі ойындарды ұйымдастыруға көшер едік. Бірақ бұл нұсқаны қарастырған жоқпыз. Бүгін мен мұның қиын болатынын білмегенімізді мойындаймын. Бізде ешқандай жол картасы болған жоқ, өйткені ешім ондай жасамаған. Бұл шешімді жапониялық серіктестермен өзара сенімділіктің арқасында ғана қабылдай алдық»

ХОК президенті Томас Бах

Ол Токиодағы Олимпиада және Паралимпиада ойындарына ХОК 1,7 миллиард доллар жұмсағанын айтты.

Сессияда ски-альпинизм 2026 жылғы Олимпиада ойындарының бағдарламасына енгізілді.

Олимпиада ойындарында ски-альпинизмнен бес медаль жиынтығы сарапқа салынады. Ерлер арасында екі, әйелдер арасында екі, аралас эстафетадан бір жүлде өз иесін табады. Жарысқа жалпы есебі 48 спортшы қатысады.

Ски-альпинизм алғаш рет 2020 жылғы жасөспірімдер Олимпиадасында жанкүйерлерге таныстырылды.

2026 жылғы қысқы Олимпиада ойындары Милан және Кортина-д’Ампеццо қалаларында өтеді.

Томас Бах

«Тезірек, жоғарырақ, күштірек және – бірге»

Сонымен 138-сессиядағы басты жаңалықтың бірі – Олимпиаданың девизі яғни ұраны өзгерді.

Бұл девизді сонау 1894 жылдан бері қолданып келе жатқан. Оны кезінде Пьер де Кубертон өзі бекіткен. Томас Бахтың ұсынысымен «бірге» сөзі қозылды. Толық былай айтылады – «Тезірек, жоғарырақ, күштірек – бірге» (citius, altius, fortius - communis).

ХОК мүшелері бір ауыздан бұл шешімді қолдағанда президент Томас Бах «Бұл тарихи оқиға» – деп жымиды.

Сонымен қатар ХОК қатарларына алты федерацияны қосты: Халықаралық чирлидинг қауымдастығы (ICU), Халықаралық муай-тай (IFMA), Халықаралық самбо федерациясы (FIAS), Халықаралық айсштокспорт федерациясы (IFI), Бүкіләлемдік кикбоксинг ұйымдары қауымдастығы (WAKO), Бүкіләлемдік лакросс федерациясы (WL).

ХОК

Самбошылар үшін қуанышты күн

Бұл жаңалыққа самбоның айналысында жүргендер қатты қуанып жатыр. Халықаралық самбо федерациясының президенті Василий Шестаков бұл мақсатқа 11 жылда қол жеткізгендерін айтты.

«Бұл біз үшін үлкен жеңіс. Алғаш рет ресейлік спорт түрі Олимпиада бағдарламасына қосылды. Бұдан кейін біздің елден басқа спорт түрі Олимпиадаға қосылды. Өкінішке қарай, бұл шындық. Әлемнің түкпір-түкпіріндегі самбошылар осы жаңалықты естіп қуанып жатыр», – деді Шестаков РИА Новостиге берген сұхбатында.

Василий Шестаков

Оның айтуынша, самбо Олимпиада бағдарламасына 2028 жылдан бастап қосылуы мүмкін. Өйткені 2024 жылға үлгермейміз деп отыр. Олимпиада 2024 жылы Парижде, 2028 жылы Лос-Анджелосте өтеді.

Василий Шестаков

Қазақстандағы самбо күресі

Спорттың бұл түрі 1938 жылы КСРО-да пайда болған. Ол қарусыз қорғану дегенді білдіреді. 80-жылдары Мәскеу Олимпиадасы кезінде самбоны Олимпиада бағдарламасына қосу туралы ұсыныстар болған. Бірақ ол тұста самбо емес, көркем гимнастика Олимпиада бағдарламасына еніп кетті. Кейіннен бұл тақырып 2009 жылы қозғалды.

Қазақстанда самбо секциясы алғаш 1953 жылы ашылған. Ал тұңғыш ел біріншілігі арада 3 жыл өткенде ұйымдастырылды. 1960 жылы самбо күресі ел спартакиадасының бағдарламасына енді.

Қазақ жастары арасынан самбо күресінен әлемді бағындырған спортшы, марқұм Қанат Байшолақов болатын. Алдымен Қанат 1980 жылы Ашхабадта жастар арасында өткен КСРО біріншілігінде топ жарып, Испаниядағы әлем чемпионатына жолдама жеңіп алды. Ал Мадридте өткен дүниежүзілік додада өз салмағы бойынша жастар арасында әлем чемпионы атағына ие болды. Ал араға төрт жыл салып, тағы да сол Мадридте 48 келі салмақта әлем чемпионы атанды. Сөйтіп, ол өзінен бұрын қазақтың ешбір баласы шықпаған биікті бағындырып, есімін тарихқа алтын әріптермен жазып қалдырды.

Самбо

Одан кейінгі жылдары Ерболат Байбатыров 4 мәрте, Асхат Шахаров 3 рет тұғырдың ең жоғары сатысына көтерілді. Сонымен қатар Асхат Шайхиев, Ба¬уыр¬жан Садыханов, Қоныс Жет¬пісов, Дәурен Жайнақов және Азамат Мұқанов, Бейімбет Қанжанов секілді жігіттер әлем чемпионатынан алтын алды. Қыздардан 1996 жылы Токиода Сәуле Ғабдуллина және 2007 жылы Прагада Раиса Баялиева жеңіске жетті.

Әсіресе, бапкер Керей Қойшыбек ұлттық құраманың тізгінін ұстаған 1992-2010 жылдары қазақ балуандары самбо күресінен әлем чемпионатында 60-қа жуық жүлде еншіледі.

2005 жылы Астана қаласы алғаш рет Әлем чемпионатын қабылдады. 2014-2015 жылдары Алматыда Әлем кубогінің кезеңі өтті.

Бек Төлеуов

Комментарии
Нет комментариев. Будьте первым!
Девушки в спорте