ВЫБОР ПОЛЬЗОВАТЕЛЕЙ
Olimpbet KZ
Букмекер №1 в Казахстане
1xBet KZ
Winline KZ
PIN-UP KZ
Parimatch KZ
Онлайн-букмекер №1

Нигериядан ұшқыштың киімімен қашатындай Пеле Африка елінде қандай қиындыққа тап болды?

Шетелдегі төңкеріс, қоршауда қалу және бетперде киіп қашу - бұл шынайы оқиғаға қарағанда киноның сценарийіне ұқсайды. Бірақ 1976 жылы дәл осы жағдай әлемнің үш дүркін чемпионы болған, футболдың королі саналатын Пеленің басынан өткен екен. Нигерияға жарнамаға түсу үшін барған Пеле әскери төңкеріс салдарынан елден шыға алмай қалыпты.

Пеле

Бұл оқиғаға теннис тарихындағы ұлы ойыншылардың бірі Артур Эштің де қатысы бар. Пеле мен Эш кездейсоқ Африка еліне бір уақытта келді. Бразилиялық футболшы Pepsi сусынын жарнамалау үшін, сондай-ақ балаларға арналған футбол мектептерін ашу мақсатымен, ал Артур Нигерия тарихындағы бірінші теннис турниріне қатысу үшін келді. Тура сол уақытта Америка Құрама Штаттары мен Нигерия үкіметі Анголадағы жағдайға байланысты жанжалдасып қалған еді. Сондықтан жарысқа америкалық теннисшілердің қатысуы ерсі болып көрінді.

Эш пен Пеле

Бұлжанжал бразилиялық Пелеге де өз әсерін тигізбей қоймады. Себебіол кезде шабуылшы америкалық «Нью-Йорк Космос»клубының намысынқорғап жүрген еді, сондықтан жергіліктітұрғындар оны Америка Құрама Штаттарының одақтасы ретінде көрді. Бірақ Нигерия үкіметі жұлдызды спортшылардыңқауіпсіздігіне кепілдік берді.

Пеле

13 ақпанда Нигерияда мемлекеттік төңкеріс басталды. Мемлекет басшысы Муртала Моххамед армияның штаб-пәтеріне бара жатқан жолда көтерілісшілердің шабуылына ұшырады. Бұл төңкерістің басында Нигериядағы әскери корпустың бастығы, подполковник Букар Димка тұрды, ол мемлекет басшысы өлтірілгеннен кейін бірден штаттың басты телерадиокорпорациясына барып, үкіметті құлатқанын жариялады. Ал мұны Пеле мен америкалық теннисшілер «Federal Palace» қонақүйінде тыңдап отырған болатын.

Күндізгі сағат үштер шамасында елордада билік үшін күрес басталды. Бірақ үкімет бүлікті басып тастады, ал төңкерісті ұйымдастырған Букар Димка қашып кетті. Спортшылар жатқан қонақ үй қауіпті болғандықтан, барлығы басқа жерге көшірілді, ал Пеле Бразилия елшілігінің орналасқан жеріне аттанды. Нигерияның басшысы Муртала Моххамедтің қаза болуына байланысты елде жеті күндік аза тұту басталды. Бірақ үш күннен кейін теннисшілер турнирді қайта бастап кетті.

Эш

Жарыстыңнағыз қызған шағы еді. Жартылай финалда кілең америкалық теннисшілер өнеркөрсетіп жатты. Эш пен Джефф Боровяк арасындағы кездесу өтіп жатқан тұстаәскерилер кортқа жүгіріп шығып, қаруларын теннисшілерге бағыттады. Ойыншылар тезарада түсініктеме беруді талап етті. Сөйтсе, сарбаздарға аза тұту кезінде теннисшілердіңшоу жасап жатқаны ұнамаған екен. Үкімет іс-шараның жалғасуына ресми түрдерұқсат бергенімен, қару асынған жігіттер бұған қарсы болды. Әскери қызметкерлердіңжетекшілік етуімен спортшылар Лагостың бейберекет көшелерімен жүріп өтіп, әуежайданРимге қарай аттанды.

БірақПеле бортта болған жоқ. Жергілікті Pepsi компаниясының менеджері АҚШ елшісі Дональд Исмаға хабарласып, Пелені Италияға жіберу үшін ұшақ билетін сұратты. Бірақ футболшы Римге аттанған жалғыз рейскеүлгере алмады. Шабуылшыға Нигерияда тағы үш күн тұрақтауға тура келді. Көпұзамай елдің шекаралары да түгелімен ашылды.

Пеле

Бірақ сол кездің өзінде Африка мемлекетінен кету оңай болған жоқ. Сондықтан ұшқыштың киімін киюге мәжбүр болған Пеле қаладан жасырын шығып, жеке ұшақ арқылы Нигериядан кеткен. Футболшы үшін бәрі жақсы аяқталды және ол Америка Құрама Штаттарына аман-есен жетіпті. Бір қызығы, бразилиялық футболшы ұшқыш болуды армандаған көрінеді. Бірақ жас кезінде үйінің маңында ұшақ апаты болғандықтан, Пеле бұл арманынан бас тартқан екен.

Комментарии
Нет комментариев. Будьте первым!
Девушки в спорте