«Вулверхэмптонның» шабуылшысы Адама Траоре «Барселонаға»қайта оралды. Осы ретте Meta-ratings.kz тілшісі футболшының мансабына көз жүгіртіп өтуді жөнкөрді.
«Тоттенхэм Хотспур» Адама Траорені алу үшін «Вулверхэмптонмен»келіссөздер жүргізіп жатқанда, «Барселона» араға түсіп, лондондық клубтың алдынорап кетті.
Траоре көптеген ойыншылардың арасында үш қасиетімен, атапайтсақ, жылдамдық, дриблинг және үлкен бұлшықеттерімен ерекшеленеді. Балакезінде оған америкалық футболмен айналысу туралы ұсыныс түскен, бірақ Траорееуропалық нұсқаны таңдады.
Бірақ Адаманың футболдағы статистикасы керемет емес. Ол осыуақытқа дейін бір маусымда 10 голдан артық соқпаған, ал бұл маусымда небәрі бірголмен көзге түсті. Осыған қарамастан, ол нарықта сұранысқа ие ойыншы болыпқала берді: «Тоттенхэм» ол үшін 15 миллион фунт төлеуге дайын болды, бірақ «қасқырлар»қосымша 5 миллион фунт сұрады. Клубтар ортақ мәмілеге келуге тырысып жатқанда, «Барселона»30 миллион еуроға сатып алу мүмкіндігімен маусымның соңына дейін жалға алутуралы ұсыныс тастады. Нәтижесінде, Траоре каталониялық клубқа қосылды.
«Мен қайта оралдым. Қазір ең бастысы бапкермен сөйлесіп, оның менен не қалайтынын білу. Мен барымды саламын. Бойымдағы мықты қасиеттерден айырылған жоқпын, бірақ мен ойыншы ретінде өстім. Мені академияда көргендер қалай ойнайтынымды біледі. Мен бар күшімді салуға тырысамын. Менің мақсатым - жұмыс істеп, күн сайын прогресс жасау. Көп жеңіске жеткен, аңызға айналған керемет бапкерден сабақ аламын деген үміттемін. «Барселонаның» маған артқан сенімі үшін алғыс білдіргім келеді және бұл сенімді алаңда ойыныммен ақтағым келеді», - деді Траоре.
Траоре - «Барселонаның» түлегі. Ол бала кезінле каталондық клубтың академиясында тәлім алған. Ал 17 жасында негізгі командадағы дебютін жасады. Алайда жас футболшы сол кезде жарқырап тұрған Неймар-Месси-Суарес триосымен бәсекелесе алмады. Бірақ «Барселона» жейдесінде төрт матчқа қатысып, бір гол соқты.
🥵 Don't try to stop him pic.twitter.com/zpcvkqdUNx
— FC Barcelona (@FCBarcelona) January 30, 2022
Траоренің Англиядағы мансабы сәтсіз басталды
Адама Англияға алғаш рет 19 жасында қоныс аударды.Нақтырақ айтсақ, «Астон Вилла» командасына ауысты. 2015/2016 жылғы маусымдаТраоре Премьер-Лиганың 10 матчына қатысып, екі нәтижелі пас берді. Бірақ «Вилла»Чемпионшипке түсіп қалды, ал Траоре «Мидлсброға» аттанды. Футболшы тағы дасәтсіздік ұшырап, лигадағы 27 матчта нәтижелі іс-әрекетпен көзге түсе алмады.
«Мидлсбро» да АПЛ-ден ұшып кетті, бірақ ойыншыны сақтапқалды. Ал Траоре Чемпионшипте бес гол соғып, 10 мәрте әріптестерінің голсалуына мүмкіндік жасады. 2017/2018 жылғы маусымда «Мидлсбро» бесінші орынға иеболып, Премьер-лигаға шығу құқығы үшін плей-офф кезеңіне өтті, бірақ ол жерде «АстонВилладан» жеңілді. Сол маусымдағы Чемпионшип жеңімпазы «Вулверхэмптон» Адамаүшін 18 миллион фунт стерлинг төледі, бұл сол кездегі клубтың рекордтық трансферіретінде тіркелді.
Премьер-лигаға оралғаннан кейін «Вулверхэмптон» сенсацияжасап, жетінші орынға көтерілді. Бірақ Траоренің статистикасы тағы да көңіл көншітпеді.29 матчта бір ғана гол соғып, бір нәтижелі пас берді.
Траоре денесін қалай шынықтырады?
Траоренің сыртқы келбеті үш нәрсеге байланысты болды:генетика, диета және жаттығуға деген ерекше көзқарас. Бала кезінен ол өзініңжылдамдығымен ерекшеленді, бұл америкалық футболдағы скауттардың назарынаударды. Бірақ Траоре өмірін Еуропа футболымен байланыстырды.
Траоренің «Барселона» академиясында, одан кейін «Мидлсбро»мен «Вулверхэмптондағы» дене пішініне қарасаңыз, екі түрлі адамды көресіз. Бірқызығы, Траоре жаттығу залында зілтемір немесе кір тастарын көтермейді екен.«Егер мен темірмен жұмыс істесем, бұлшықеттерім бұдан да үлкен болады», - дедіАдама сұхбаттарының бірінде.
Көбінесе салмақ қосқан кезде ойыншылар жылдамдығынжоғалта бастайды. Бірақ диетолог пен жеке жаттықтырушының арқасында Траоре бұлмәселеден аулақ болды. Жаттығуда темірге емес, кардио жаттығуларға баса назараударылды. Көбіне балық, майсыз ет және көкөністерді пайдаланды.
Дайындық пен дұрыс жаттығулар Траоренің жарақат алмауына көмектесті.Оның жылдамдығы да төмендеген жоқ, Адама бұл көрсеткіш бойынша үнемі үздікойыншылардың қатарында жүрді. Футболшының әрекеті де баяуламады. 2019/2020 жылғымаусымда Траоре қарсылас қақпасына 183 рет дәл соққы жасап, Эден Азардың рекордынжаңартты (180).
Траорені ереже бұзбай тоқтату өте қиын. Қарсыластароған қарсы тұру үшін әртүрлі әдістерді қолданды. Әсіресе жейдеден тартты, сондай-аққол мен иықтан ұстау арқылы тоқтатып жүрді. Осыған байланысты Траоре қиындықтарғатап болды. Бұл тығырықтан шығу үшін «Вулверхэмптон» Траоренің қолына нәрестегеарналған майды жағу туралы шешім қабылдады.
«Алғаш рет қолыма осы майды жаққанда, бұл күлкілі болып көрінді, бірақ мені ешкім ұстай алмады. Содан кейін адамдар менен бұлай жасауымның себебін сұрады, мен оларға мұның жауабын өзім де білмеймін деп жауап бердім», - деді испаниялық футболшы.
Ол 2019/2020 жылы мансабындағы ең керемет маусымын өткізді
«Вулверхэмптон» Премьер-лигадағы екінші маусымында дасәтті өнер көрсетті: клуб 2019/2020 жылғы маусымды тағы жетінші орында аяқтады.Ал Адама Траоре Премьер-лиганың 37 матчында төрт гол соғып, тоғыз нәтижелі пасберді.
Бірақ 2020/2021 жылғы маусымда Траоре ғана емес, «Вулверхэмптон»да кері кетті. Қараша айында команда Рауль Хименестің ауыр жарақатынан кейінәлсіреп қалды. Онымен дуэт құрған Траоренің де статистикасы күрт нашарлады:Адама Премьер-лиганың алғашқы 16 турында тиімді әрекеттерімен көзге түсе алмады.Өткен маусымда испаниялық шабуылшы Премьер-лигада 37 ойынға қатысып, небәрі екігол соқты, үш нәтижелі пас берді. «Вулверхэмптон» маусымды 13-ші орындааяқтады, ал Нуну Эшпириту Санту клубтан кетті. Оның орнына португалиялық маманБруно Лаже келді. Бұл маманның басшылығымен 26 жастағы ойыншы бір гол соқты.
Адама дриблинг жасаудың хас шебері
Траоре - соңғы 3,5 жылда Ағылшын Премьер-лигасындағы еңкөп дриблинг жасаған ойыншы. Футболшы 2018 жылдың жазынан бері қарсыластарын алдап өтуүшін 697 рет дриблинг жасаған, ал оның 484-і (69%) сәтті болды.
«Тоттенхэмнің» бас бапкері Антонио Конте осындай ойыншынықапталдағы қорғаушы ретінде ойнатқысы келді. Ал «Барселона» Траореге арнапшабуыл шебін босатып қойды. Ансу Фати жарақат алып, екі-үш айға қатардан шығыпқалды. Ал тәжірибесіз Абде Эззалзули мен Ферран Жутгла Адамаға бәсекелес болаалмайды. Ал оң қанатта тек Ферран Торрес пен Усман Дембеле бар. Оның үстіне,Дембеле жақында командадан кетуі мүмкін.
Траоре «Барселона» жүйесін жақсы біледі, өйткені ол осыклубтың түлегі. Сондықтан командаға және жаттықтырушының талаптарына бейімделужағынан мәселе туындамауы керек.