Рыбакина Германиядағы турнирдің ширек финалына шыға алмады

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина (19) Германияның Штутгарт қаласында өтіп жатқан Porsche Tennis Grand Prix WTA 500 турнирінің ширек финалына шыға алмады.

Рыбакина 2 сағат 32 минутқа жалғасқан кездесуде бес эйс жасап, төрт мәрте қос қателікке жол беріп, мүмкін болған алты брейкпойнттың бесеуін іске асырып, испаниялық Паула Бадосадан (3) жеңіліп қалды.

Елена Рыбакина (Қазақстан) — Паула Бадоса (Испания) — 1:2 (2:6, 6:4, 6:7 (4:7)

Осылайша Қазақстанның бірінші ракеткасы Германиядағы турнирдің 1/8 финалында сүрінді.

Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.

Комментарии
Нет комментариев. Будьте первым!