ВЫБОР ПОЛЬЗОВАТЕЛЕЙ
Olimpbet KZ
Букмекер №1 в Казахстане
1xBet KZ
Winline KZ
PIN-UP KZ
Parimatch KZ
Онлайн-букмекер №1

«Канело» Головкинмен үшінші рет кездесуді жоспарламағанын айтты

«Канело» Головкинмен үшінші рет кездесуді жоспарламағанын айтты

Мексикандық Сауль «Канело» Альварес (54-1-2, 36 КО) өзінің мақсаттарымен бөлісті: екінші орта салмақта абсолютті әлем чемпионы атану және 12 ай ішінде бес жекпе-жек өткізу, деп хабарлайды Vesti.kz порталы.

Айта кетерлік жағдай, қазақстандық Геннадий Головкин (41-1-1, 36 КО) «Канелоның» жоспарында болмай шықты: «Қазір менде басқа мақсаттар. Ол менің жоспарымда жоқ».

Ақпан айында екінші орта салмақтағы WBC және WBA Super титулдарының иегері «Канело» чемиондығын қорғау үшін Авни Йылдырыммен (21-2, 12 КО) рингте кездессе, мамыр айында сол дивизиондағы WBO чемпионы британдық Билли Джо Сондерспен (30-0, 14 КО) жұдырықтаспақ. Сонымен қатар мексиканлықтың алдағы жоспарында IBF белбеуінің иегері американдық Калеб Плант (21-0, 12 КО) та бар.

«Мақсат - белбеулерді біріктіру, - дейді Альварес. Олар - әлем чемпиондары. Олар чемпиондық атақтарын бергісі келмесе, мен оларға қарай өзім аттанамын».

Альварестің айтуы бойынша, ол 2021 жылы төрт жекпе-жек өткізеді: ақпан, мамыр, қыркүйек және желтоқсан айларында. «Канело» соңғы кездесуін 2020 жылдың желтоқсанында өткізгенін ескерсек (британдық Каллум Смитті жеңген), 12 айда бес жекпе-жек шығады.

Естеріңізде болса, Головкин мен «Канело» екі рет жұдырық түйістірген: алғашқысы 2017 жылдың қыркүйегінде - дауға толы тең нәтижемен аяқталды, ал бір жылдан соң өткен кездесу мексикалық боксшының жеңісімен аяқталған болатын.

Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.

Комментарии
Нет комментариев. Будьте первым!