Қазақстан Суперкубогының жеребе тарту рәсімі 15 ақпанда өтеді

Қазақстан Суперкубогының жеребе тарту рәсімі 15 ақпанда өтеді

Қазақстанның кәсіпқой футбол лигасы (ҚКФЛ) Қазақстан Суперкубогының жаңа форматта өтетінін мәлімдеген болатын.

Қазақстан футбол федерациясы мен ҚКФЛ жаңартылған форматтағы турнирде «OLIMPBET» букмекерлік кеңсесімен серіктестік туралы келісімге келді.

Өз кезегінде, «OLIMPBET» жеңімпазға және жүлделі орындарға беоілетін жүлде қоры 40 миллион теңгені құрайтын қаржылай мәселелерді өз мойнына алады.

Жаңа ережелерге сәйкес, Суперкубокқа: өткен маусымдағы ішкі чемпионаттың жеңімпазы («Кайрат»), Премьер-лиганың жүлдегерлері («Тобол», «Астана») мен Қазақстан Кубогының иегері қатыса алады. Егер, Кубоктың иегері анықталмаса, ішкі чемпионатта төртінші орын алған команда қатысатын болады («Шахтер»).

Суперкубок барысында екі жартылай финалдық матч (2, 3 наурыз), 3 орын үшін ойын (5 наурыз) және финал (6 наурыз) ойналады. Барлық ойындар Түркістан қаласындағы «Түркістан-Аренада» өтеді.

Жартылай финалдық ойындардың жеребе тарту рәсімі 15 ақпан күні елорда уақытымен 14:00-де өтеді және ҚКФЛ ресми сайтында тікелей эфирде көрсетіледі.

Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.

Комментарии
Нет комментариев. Будьте первым!