ВЫБОР ПОЛЬЗОВАТЕЛЕЙ
Olimpbet KZ
Букмекер №1 в Казахстане
1xBet KZ
Winline KZ
PIN-UP KZ
Parimatch KZ
Онлайн-букмекер №1

Футзалдан ӘЧ-2021: 3 қазандағы Бразилия — Қазақстан матчына бәстер мен коэффициенттер

Футзалдан Әлем чемпионатында талайды тамсандырған Қазақстан құрамасы 3 қазан күні Бразилиямен қола жүлдені сарапқа салады. Ойын елорда уақытымен 21:00-де басталады деп жоспарланған.

Аталған ойында айқын фаворит жоқ. Бірақ букмекерлік компаниялар Бразилияға сенуде. «Fonbet» букмекерлік кеңсесі Қазақстанның жеңісіне 3.70 коэффициент беріп тұр. Ал Бразилияның жеңісі 1.65 коэффициентке бағаланған. Тең нәтижеге 4.90 коэффициент тағайындалған.

Ал «1xbet» букмекерлік кеңсесі Қазақстан қола жүлде алады дегенге 2.64 коэффициент беруде. Бұл көрсеткіш Бразилияда 1.46 коэффициентті құрап тұр. Ойында пенальти және алаңнан қуылу болады деген 9.00 коэффициентпен бағаланған.

«Olimpbet» букмекерлік кеңсесі бірінші таймда қос құрама да гол соғады дегенге 1.95 коэффициент берген. Ал Қазақстан екі голдан көп салады деген бәс 1.85 коэффициентпен бағалануда.

Кездесуді «Qazsport» телеарнасы тікелей эфирде таратады. Тікелей көрсетілім елорда уақытымен 20:50-де басталады деп жоспарланған.

Қазақстан турнирді А тобында бастап, Коста-Рика (6:1) мен турнир қожайындары Литваны (3:0) жеңсе, соңғы матчта Венесуэламен тең (1:1) тарқасты. 1/8 финалда Таиландты 7:0 есебімен ойсырата жеңсе, 1/4 финалда ғаламат камбэк жасап, Иранды (3:2) тізе бүктірді. Ал жартылай финалда Португалиямен терезесі тең өнер көрсетіп, пенальти сериясы бойыншп ғана жол берді. Жалпы 2020 жылдан бері өткізген 14 ресми матчының ешқайсысында негізгі уақытта жеңіліс таппаған. Бразилия мен Қазақстан осыған дейін өзара бір мәрте кездескен. 2000 жылғы Әлем чемпионатында Бразилиядан 12:1 есебімен оңбай ұтылған екенбіз.

Бразилия D тобында өнер көрсетіп, Вьетнам (9:1), Чехия (4:0) және Панаманы (5;1) жеңіп, топтан бірінші орынмен шықты. 1/8 финалда Жапонияны 4:2 есебімен жеңсе, 1/4 финалда Марокконы минималды есеппен (1:0) тізе бүктірді. Ал жартылай финалда Аргентинаға 1:2 есебімен жол беріп, Қазақстанның үшінші орынға таластағы қарсыласы атанды.

Бразилия – футзалдан он Әлем чемпионатының жетеуінде топ жарған азулы құрама. Сонымен қатар Оңтүстік Америка чемпионатының 20 додасында 18 мәрте шашасына шаң жуытпаған, атағынан ат үркитін беделді ұжым.

Футзал жаңалықтары

Больше новостей
Комментарии
Нет комментариев. Будьте первым!
Девушки в спорте