ВЫБОР ПОЛЬЗОВАТЕЛЕЙ
Olimpbet KZ
Букмекер №1 в Казахстане
1xBet KZ
Лучшее приложение 2024*
Winline KZ
PIN-UP KZ
Самый надёжный букмекер*
Parimatch KZ
Онлайн-букмекер №1

Соңғы минутта гол соғу әдетімізге айналды. Қазақстан құрамасы Босниямен тең тарқасты

Қазақстан әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде кезекті ұпайын қоржынға салды. Осы орайда Meta-ratings.kz тілшісі Босния және Герцеговина құрамасымен болған матч жайлы өз ойын ортаға салмақ.

Қазақстан құрамасы

Талғат Маруаұлы бұл ойынға үздік деп тапқан 11 ойыншыны шығарды. Бірақ бұлардың арасында біз күткен Бақтиер Зайнутдинов болмады. Матч бастала салысымен фаворит саналған алаң иелері шабуылға лап қойды. Шабуылдың жалынын қайтаруға тек қорғаушылар ғана емес, бүкіл команда күш салды. Бірінші таймда Боснияның гол соғатын үш бірдей мүмкіндігі болды. Екі рет Эдин Джеко гол соғуға дайын болмай шықты. Қайраты қайтпаса да, жасы біразға келген шабуылшы өзіне келген допты қақпаға туралай алмады. Ал екінші таймда Қазақстан да доп ұстауға күш салды. Георгий Жуков екі мүмкіндік туындатқан еді, оның бірі бұрыштамамен аяқталды. 52-минутта алғашқы бұрыштамадан Асхат Тағыберген қақпа маңына қарай әуелете пас асырды. Бұл пас жол-жөнекей ешкімге тимей, Қуатты іздеп барды. Ал Исламбек үшін ашық қақпаға гол соғу қиын болмады. Осыдан кейін жігіттеріміз 74-минутқа дейін төніп келген қауіпті сейілтуге күш салды. Дегенмен дәл осы сәтте матчтың бас төрешісі Александр Марочкин Джеконы құлатты деген айыппен, пенальти тағайындады. Он бір метрлік нүктеге жақындағын Миральем Пьянич соңғы кездері пенальтиді сәтті қайтарып жүрген Игорь Шацкийді қапыда қалдырды.

Тең есепке қанағат дей бергеніміз сол еді, 86-минутта Лука Менало есімді шабуылшы бұрыштамадан асырылған пасты қақпаға дәл бағыттап, командасын жеңіске бір табан жақындатты. Бірақ бұл гол біздің жігіттерді жасытқан жоқ. 95-минутта қақпаға жақын жерден стандарт орындауға мүмкіндік алған Тағыберген мен Зайнутдинов допты кім тебетінін өзара келісіп алды. Бақтиер жерлете қақпаның ашық бұрышына өте жойқын соққы жасады. Қақпашы Шехич мұндай соққыны күткен де жоқ. Осы сәтте Талғат Маруаұлы балаша қуанды. Себебі, бұрындары соңғы минутта гол жіберіп алу Қазақстан құрамасының қанына сіңген әдет еді. Иә, бұл ойында да солай болды. Әдеттің озығы бар, тозығы бар демекші, соңғы минуттарда гол соғатын жаңа қабілетке де ие болып алдық. Соңғы үш матчтың екеуінде ұпай алуымызға осы қасиетіміз себепкер болды. Сырт алаңда ойнағанымызға қарамастан Қазақстан құрамасы қолдаусыз қалмады. Сол елде тұратын отандастарымыз стадионнан шат-шадыман күйде кетті.

Ұлттық құрама

«Біздің топта өте жоғары деңгейдегі командалар бақ сынауда. Бірақ біз олармен тең дәрежеде ойнауға болады, тіпті олардан бір бас жоғары болуымызға мүмкіндік бар» - деп Талғат Маруаұлы алдағы уақытта да ұпай алуға болатынын мәлімдеді.

WhoScored порталы Қазақстан құрамасын жеңілістен құтқарған Зайнутдиновті біздің команда сапындағы үздік ойыншы деп таныды. Нәтижелі әрекетпен көзге түскен Асхат Тағыберген мен Исламбек Қуат үздік үштіктен көрінді.

Рейтинг

Матч алдындағы баспасөз мәслихатында «Бізді футбол ойнай алмайды деген әңгіме дұрыс емес. Иә, біз турнирлік кестеде соңғы орында тұрған шығармыз, бірақ біз өз футболымызды ойнаймыз және өзімізді аутсайдер санамаймыз» деп еді. Маруаұлы бұл сөзін күллі Босния жанкүйерлерінің алдында дәлелдеді.

Негізгі құрам

Байсуфинов ұлттық құрамаға тек намысты ту қылып ойнайтын футболшыларды шақырды. Себебі, Талғат мырза тізгінді ұстағалы бері ұлттық құрамамыз жанкүйерлерге жақындай түсті. Барлығы да тәртіп пен ерік-жігердің арқасында. Бұрындары Қазақстаннан сенсация күтпейтін жанкүйерлеріміз бұл жолы жігттерімізге әр ойын алдында сәттілік тілеп, жеңіске жетуге желпіндірді. Үш ойындағы екі тең нәтиже қазақ жанкүйерлерінің сенімділігін арттыра түсті. Енді Маруаұлы баптайтын команда кез-келген қарсыласпен терезесі тең деңгейде ойнай алады. Оған келесі айда тағы бір рет куә боламыз деген ой бар. Қазақстан құрамасы қыркүйек айына жоспарланған ойындарды артта қалдырды. Енді ел біріншілігі қайта өз бастауын алады. Енді ұлттық құраманың жай-жапсарын байқаған басқа да ойыншылар Байсуфиновтің қол астында ойнау үшін бар күшін салады. Сондықтан қазан айында да дебютанттарды көріп қалуымыз әбден мүмкін.

Сонымен, бүгінгі матчта бір ұпай алсақ та турнирлік кестедегі жағдаймыз өзгермеді. Дегенмен, Босния құрамасымен тереземіз теңесті. Тек гол айырмасы бойынша қарсыласқа жол бердік.

Турнирлік кесте

Қазақстан құрамасы қазан айының тоғызыншы жұлдызында Босниямен, ал үш күннен кейін Финляндиямен ойнайды. Екі матч та «Астана Арена» стадионында өтеді. Жанкүйерлер қолдаса командамыздың қос кездесуді де жеңіспен аяқтайтын мүмкіндігі мол.

Ернар Ламкадыров

Комментарии
Нет комментариев. Будьте первым!
Девушки в спорте