ВЫБОР ПОЛЬЗОВАТЕЛЕЙ
Olimpbet KZ
Букмекер №1 в Казахстане
1xBet KZ
Winline KZ
PIN-UP KZ
Parimatch KZ
Онлайн-букмекер №1

Еуро ширек финалистері үшін алынбас қамал болып тұрмыз

2022 жылғы Әлем чемпионатына іріктеу кезеңі аясында Қазақстан елордада Украинаға қарсы матчта соңғы секундтарда тең есепке қол жеткізді. Осы орайда Meta-ratings.kz тілшісі ойын жайлы ойымен бөліспек.

Қазақстан - Украина

Тойдың болғанынан боладысы қызық дегендей, ойын алдында бірнеше қызықты жағдайлар орын алды. Қазақстандағы пандемияның өршіп тұруы себепті матч басқа елде өтеді деген сыбыстар тарады. Бас бапкер Талғат Байсуфинов жаттығу жұмыстарын онлайн жүргізіп, матчқа бір күн қалғандағы ПТР-тесті теріс нәтиже беріп, құрамаға алаң жиегінен кеңес беруге мүмкіндік алды. Біршама жанкүйерлер көптен күткен ойынның билеттері тым қымбат деп көңілдері толмайтындарын жеткізді. Украина құрамасының бас бапкері ауысып, бірнеше негізгі ойыншылары қатардан шығып, тіпті, Марлос құрамадағы мансабын да аяқтап кетті.

Қазақстан - Украина

Ал енді матч жайлы ой қозғап көрсек. Ойын бәріміз күткендей, Украина құрамасының басымдылығымен басталды және небәрі 2 минутта Роман Яремчук есеп ашып кетті. «Бенфика» шабуылшысының соңғы бағыттар кезінде маңайында тұрған Владислав Васильев, Сергей Малый һәм Александр Марочкиннің әрекетсіздіктерін сынға алмасқа болмас. Яремчук допты асықпай кеудесіне тосып, жандайды бағамдап, Стас Покатиловтің қақпадан сәл алдыға шыққанын байқап, алыс бұрышқа соққы жасай салды. Сөйтіп Қазақстанға қарсы екінші ойында да гол соқты. Осыдан кейін де украиналықтар тоқтап қалған жоқ. 14 минутқа дейін Қазақстан өз жарты алаңынан шыға алмай, Андрей Пятовтың көлеңкесін де көрмедік. Украиналықтар қорғанысқа жылдам қайтып, Артур Шушеначевтің адымын аштырмады. 14 минуттан кейін ғана қазақстардықтар ақырындап шабуыл ұйымдастыра бастады. Дегенмен Украина да қарап қалмай, екі мәрте қақпа бағанасына тиіп, бір рет маңдайшаны қақыратты. Осылайша Покатилов қорғаған қақпа екінші голдан аман қалды.

Роман Яремчуктың соққысы

Екінші таймда қорғанысымыз бірнеше мәрте сыр беріп, Украина ойыншыларының Покатиловпен бетпе-бет келуіне жол беріп қойып жатты. Алайда Стас шеберлік танытып, бірге-бір шыққан Соболь мен Матвиенконың соққыларына тосқауыл бола білді. 68 минутта Абат Айымбетов таблодағы есепті теңестіргенімен Қазақстарда алғаш рет қолданылған VAR жүйесінің шешімі біздің пайдамызға шешілмей, «Астананың» шабуылшысы ойыннан тыс қалды делініп, гол есеп алынбады. Бірақ араға 6 минут салып Руслан Валиуллин Асхат Тағыбергеннің ғажайып пасынан кейін есепті теңестірді. 1:1 есебі негізгі уақыт аяқталғанша сақталып тұрды. Тек 93 минутта Покатилов қорғаған қақпаның алдындағы қарбаластан кейін Украина гол соғып, салымыз суға кеткендей көрінді, алайда 96 минутта Валиуллин екінші мәрте мергендігімен көзге түсіп, есепті теңестірді. Осылайша Украинамен тағы да тең тарқастық. Алғашқы кездесу 1:1 есебімен аяқталған еді. Соңғы Еуропа чемпионатының ширек финалистері, құрамында топ-5 чемпионатта ойнайтын футболшылары бар азулы құрама үшін алынбас қамал болып тұрмыз.

«Менің Қазақстан құрамасының бас бапкері ретіндегі соңғы матчым Украинаға қарсы өтті. Сол кезде 1:2 есебімен жеңіліп қалдық. Бұл жолы 2:2 болады деп ойлаймын», – деген Қазақстан құрамасының экс-бапкері Арно Пайперстің айтқан болжамы дәл келді.

Енді өзге де мәселелерге тоқталып өтсек, Артур Шушеначев ұлттық құрамадағы тұсаукесер матчын өткізді. Бұл сәтті дебюттік ойын болды деп айтуға келмес. «Қайраттың» шабуылшысы 10 метр жүгіріп, 10 минут демалып, белсенділігімен көзге түспеді. Допқа таластарда жеңіліп, жылдамдығының әлсіз екенін де байқатты. Сонымен қатар Георгий Жуков араға екі жыл салып, ұлттық құрамаға оралғанын да айта кеткен жөн. Бірақ «Висланың» жартылай қорғаушысы ойынға 90 минутта ғана қосылды. Сондай-ақ жарақатына байланысты жасыл алаңда көсіле алмаған Бахтиер Зайнутдинов жарты сағаттан аса тер төгіп, бір ұпай еншілеуге септігін тигізді. Дегенмен әлі де толықтай бабына келе алмағанын байқадық.

Қазақстан құрамасы

Қазақстан екі жылдан кейін өз алаңында жанкүйерлермен ойын өткізді. Соңғы рет 2019 жылдың 13 қазанында Бельгияға қарсы матчта (0:2) көрермендер кеңінен көсілген еді. Ол кезде 26 800 жанкүйер кездесуді тамалашаса, бұл жолы эпидемиологиялық ахуалға байланысты стадион сыйымдылығының 30%-на ғана рұқсат етіліп, 6 мыңнан аса жанкүйер кіргізілді. Соның өзінде де футболсүйер қауымның көптен күткен қолдауы құрамаға ерекше жігер сыйлады.

Жанкүйерлер

Матчың басты қаһарманы болып, қос голдың авторы атанған Руслан Валиуллин құрамадағы алғашқы голдарын матчтан екі күн бұрын бақилық болған әжесіне арнады және екінші голын соғып, матч аяқталғаннан кейін Валиуллиннің көз жасына ерік бергенін де көрдік.

«Құттықтауларыңызға рақмет! Ойын қиын болды. Біз екі мәрте есепті теңестіруге мәжбүр болдық. Мен үшін Қазақстан ұлттық құрамасында өнер көрсету үлкен құрмет. Бұл менің құрамадағы алғашқы голдарым. Оларды алдыңғы күні дүниеден өткен әжеме арнағым келеді», – деді «Тобылдың» қорғаушысы.

Руслан Валиуллинге Украина құрамасының бас бапкері де тәнті болып, мынадай пікір білдірді:

«Не дейміз, жігіт жарады. Біздің оң қапталдағы қорғаушымыздан толықтай айласын асырды. Александр Караваев көңілсіз. Дегенмен тек бір адамды кінәлауға болмайды, футбол командалық ойын ғой», – деді Украина тізгініндегі дебюттік матчын өткізген Александр Петраков.

Руслан Валиуллин

Украинаға қарсы матч қаһармандырының бірі Стас Покатилов 92 минутта сары қағаз алып, келесі Финляндияға қарсы ойынға қатысу мүмкіндігінен айырылды. Украина сапынан Виталий Миколенко мен Александр Зинченко да дәл осындай жағдайға тап болды және Франциямен өтер өз алаңдарындағы кездесуге қатыса алмайды.

Матчтан кейін Украинаның бас бапкері Қазақстан ештеңемен таңғалдырмағанын айтты:

«Қазақстан ештеңемен таңғалдырмады. Бәріңіз көрдіңіздер. Сіздерді тең нәтижемен құттықтаймын. Бірақ біз толықтай сіздерден айламызды асырдық деп ойлаймын. Алайда мүмкіндіктерімізді голға айналдыра алмадық... Өздеріңіз де түсінесіздер, бапкер гол соға алмайды», – деді Петраков мырза.

Ал украиналық жанкүйерлер ойыншыларын жерден алып, жерге салып жатыр. Петраковтың кетуін сұрағандар да болды. Сонымен қатар «бұл масқара» дегендері көптеп кездесті. Сондай-ақ кейбіреулері «Қазақстанды ұта алмасақ, үйде тыныш жатайық» деп пікір білдіріп жатты.

Қазақстан - Украина

Қазақстан құрамасының бас бапкері болса аутсайдер болудан шаршағанын тілге тиек етті:

«Сіздерді түсінеміз, біз де төртінші-бесінші орындарға таласудан шаршадық. Біз үшін нәтиже маңызды. Сондықтан ойынды бірқалыпты етуге талпынып жатырмыз. Ылғи аутсайдер деңгейіне қоятындарымен күресудеміз», – деді Байсуфинов мырза.

Осы бір тамаша тең нәтижеден кейін Қазақстан D тобында екі ұпаймен бесінші орында келеді. Көш басына сегіз ұпайы бар Франция жайғасса, Украина төрт ұпаймен екінші сатыда тұр. Финляндия мен Босния және Герцеговина құрамаларында да екі ұпайдан бар. Олар, тиісінше, үшінші және төртінші орындарда.

Жалпы Қазақстан құрамасының ойынында кемшіліктер баршылық. Әсіресе, қорғаныста көп қателік жіберіп жатты. Жеңіс тойын тойламағанымызға да тур бір жыл болыпты. Соңғы рет Қазақстан жеңді дегенді 2020 жылдың 4 қыркүйгінде естідік. Сол күні құрамамыз Ұлттар лигасында Литваны 0:2 есебімен тізе бүктірді. Содан кейін он ойын өткізіп, төртеуінде тең түсіп, алтауында қарсыласқа жол берді. Бірақ осы жолы футболшыларымыз Еуропаның үздік құрамаларымен иық тірестіре тең дәрежеде өнер көрсете алатындарын дәлелдеді. Тек соңғы минуттарда гол жібере бермей, біздің де соңына дейін күресе алатынымызды көрсетті. Бұл жеңіске пара-пар тең нәтиже деп білеміз. Енді осы қарқынмен алдағы қарсыластарымыздан да ұпай алсақ, нұр үстіне нұр болары даусыз.

Қазақстан - Украина

Естеріңізге сала кетсек, Қазақстан 4 қыркүйек күні сырт алаңда Финляндия құрамасымен күш сынасса, 8 қыркүйек күні қонақта Франциямен тең (1:1) түскен Босния және Герцеговинамен кім мықтыны анықтайды.

Фото: ҚФФ, УАФ

Комментарии
Нет комментариев. Будьте первым!
Девушки в спорте