ВЫБОР ПОЛЬЗОВАТЕЛЕЙ
Olimpbet KZ
Букмекер №1 в Казахстане
1xBet KZ
Лучшее приложение 2024*
Winline KZ
PIN-UP KZ
Самый надёжный букмекер*
Parimatch KZ
Онлайн-букмекер №1

Антирекорд, күмәнді жалғыз жеңіс, тағы соңғы орын һәм жанкүйерлердің наразылығы. Жыл қорытындысы

Қазақстан 2021 жылды жеңіспен аяқтады, бірақ жанкүйерлердің әлі де құрамаға көңілі толар емес және ҚФФ басшыларының кетуін талап етуде. Meta-ratings.kz тілшісі құраманың жылды қалай өткізгені туралы ақпараттармен бөліспек.

Қазақстан – Франция

Қазақстан жылды 2022 жылғы Әлем чемпионатына іріктеу кезеңі аясындағы Францияға қарсы ойынмен бастап, өз алаңында 0:2 есебімен жеңіліп қалды. Бірақ жанкүйерлер ол кезде құраманы жерден алып, жерге салмай, керісінше барынша қолдауға тырысты. Одан соң сырт алаңда Украинамен тең (1:1) түскеннен кейін, тіпті Катар жайлы қиялдай бастады отандастарымыз.

2021 жылдағы үшінші ойынды Солтүстік Македонияға қарсы өткізіп, 4:0 есебімен ойсырай жеңілдік. Алайда бұл жай ғана жолдастық кездесу еді. Жанкүйерлер де ірі есепке сол себепті қатты мән бергісі келмеді. Ал қыркүйек айында Украинаны өз алаңымызда қабылдап, тағы да тең (2:2) тарқастық. Футболсүйер қауымның қуанышында шек болмай, мундиаль жайлы одан да көбірек ойлай бастады. Алайда сырт алаңда Финляндиядан жеңіліп (1:0), елордада Босния және Герцеговинамен тең (2:2) түсіп, одан кейін финдерден тағы да ұтылып (0:2), қатардан қалмай Катарға бару туралы ойымыз түбегейлі жоқ болды. Ал іріктеудің соңғы матчында Франциядан 8:0 есебімен оңбай жеңіліп, антирекордты жаңарттық. Осыған дейінгі ең ірі жеңілісіміз 6:0 болған еді. Португалия мен Ресейге дәл осындай есеппен жеңілген еді.

Қазақстан – Тәжікстан

Жылдың соңғы матчында Азия аймағында өнер көрсететін Тәжікстан құрамасымен жолдастық кездесу өткізіп, тәжікстандық қақпашының сыйлаған мүмкіндігінің арқасында минималды есеппен жеңіске жетіп, көпткен күткен, бір жылдан аса уақыттан кейін жеңіс тойын тойладық. Оған дейін соңғы рет 2020 жылдың қыркүйегінде Литваны жеңген (0:2) едік. Бірақ бұл жеңіс «жеңіс!» деп мақтанарға тұрарлықтай жеңіс болмады. Тәжіктер бізге қарағанда жылдам, техиналық жағынан шебер және пас беруден де аса көп қателікке жол бермейтіндерін көрсетті. Допқа да бізден көп (45% – 55%) иелік етіп, шабуылды да көбірек (110 – 137) жасады. Сонымен қатар дәл пастар көрсеткіші де бізден тәуір (398 – 436). Жалпы сол бір Киргизбоевтың қателігі болмаса, Тәжікстан ойын бойынша бізден басым түсіп, Азияға оралсақ та, жеңістің артынан жеңіс күтіп тұрмағанын көрсетті.

Жалпы 2021 жылы он ойын өткізіп, біреуінде жеңіп, алтауында жеңіліп, үшеуінде тең тарқастық. Сонымен қатар Әлем чемпионатына еуропалық іріктеу кезеңінде бірде-бір рет жеңіске жетпеген командалардың (Молдова, Гибралтар, Сан-Марино, Лихтенштейн, Әзербайжан) ішіндеміз.

Қазақстан құрамасы

Статистиканы жаны сүйетін оқырмандар үшін тағы мынадай деректер келтіруге болады:

ӘЧ-2022 іріктеуі аясындағы D тобындағы ереже бұзу көрсеткіші:

Қазақстан — 89 рет ереже бұзған;

Франция — 84;

Босния және Герцеговина — 77;

Финляндия — 70;

Украина — 63.

ӘЧ-2022 іріктеуі аясындағы D тобындағы сары қағаз алу көрсеткіші:

Қазақстан — 21 сары қағаз;

Босния және Герцеговина — 14;

Украина — 11;

Финляндия — 11;

Франция — 8.

ӘЧ-2022 іріктеуі аясындағы D тобындағы қызыл қағаз алу көрсеткіші:

Франция — 1 қызыл қағаз;

Финляндия — 1;

Украина — 1;

Қазақстан — 0

Босния және Герцеговина — 0.

ӘЧ-2022 іріктеуі аясындағы D тобындағы қақпаға дәл соққы бағыттау көрсеткіші:

Франция — 43 дәл соққы;

Босния және Герцеговина — 38;

Украина — 36;

Финляндия — 32;

Қазақстан — 18.

ӘЧ-2022 іріктеуі аясындағы D тобындағы гол айырмашылығы көрсеткіші:

Франция — 18:3;

Украина — 11:8;

Финляндия — 10:10;

Босния және Герцеговина — 9:12;

Қазақстан — 5:20.

ӘЧ-2022 іріктеуі аясындағы D тобындағы бұрыштама санының көрсеткіші:

Франция — 52 бұрыштама;

Босния және Герцегвоина – 50;

Финляндия — 31;

Украина — 25;

Қазақстан — 13.

Сонымен қатар жалпы 2021 жылы қарсылас қақпасына алты гол соғып, өз қақпамыздан 24 мәрте доп алып шығыптық. Ал құраманы Талғат Байсуфинов тізгіндегелі бері 14 ойыншы дебюттік матчтарына қатысты. Олар:

Максим Самородов

Рамазан Кәрімов

Руслан Валиуллин

Эльхан Астанов

Сұлтанбек Астанов

Артур Шушеначев

Рамазан Оразов

Мұхамеджан Сейсен

Михаил Габышев

Самат Жарынбетов

Айдос Тәттібаев

Мақсат Тәйкенов

Бағдат Қайыров

Әлібек Қасым.

Руслан Валиуллин

Маруаұлы құраманың бір жыл ішіндегі матчтарына жаңа ойыншыларды қатыстырудан ел рекордын қайталады. Осыған дейін Михал Билек пен Мирослав Беранек те күнтізбелік бір жыл ішінде 14 дебютантты жасыл алаңға шығарған еді.

Статистикаға көңіл бөліп болсақ, проблемаларға қайта оралайық. Франциядан 8:0 есебімен жеңілгеннен кейін ҚФФ бас хатшысы Азамат Айтхожин «Енді ҚФФ мемлекеттік бюджеттен қаржыландырудан бас тартады», деді.

Сөйтіп даудың басын басқысы келді. Бірақ оған көңілі көншитін бірде-бір жанкүйер табылмады. Бюджеттен 200 миллион теңге алмаса, футболымыз өсіп кетеді деген сөз емес, балық басын шіриді деген бар. Сол сияқты біздің футбол да жоғарыдағылардың ашкөздігінен бүлініп отыр. Қаншама жыл жылы креслода отырды, алайда ешқандай нәтиже жоқ. Жасөспірімдер, жастар, әйелдер һәм ұлттық құрамаларымыз алға жылжудың орнына кейін кетіп барады. Еуропа және Әлем чемпионаттарының іріктеуінде соңғы орынды ешкімге бергіміз келмейді. Ал наурызда Молдовадан жеңілсек, футболы ең төменгі елдердің қатарына топ ете қаламыз. Футболымыз онсыз да құрдымда екенін белгілі, бірақ сол қос матч біраз дүниенің бетін ашайын деп тұр. Бұл қандай матчтар деген сауал туындаса, айтайын, Ұлттар лигасының С лигасындағы топта соңғы орын алып, D лигасына ұшудың сәл алдында тұрмыз. Сол Сан-Марино, Лихтенштейн, Гибралтар және Мальта сынды құрамалардың қатарына қосылмау үшін наурыздағы өтпелі ойындарда Молдовадан басым түсуіміз керек. Алғашқы ойын 24 наурыз күні өз алаңымызда өтсе, қарымта кездесу 28 наурыз Молдова жерінде бодады. Бір қарасаңыз, Молдованы жеңу оңай сияқты, бірақ ерте қуанудың қажеті жоқ. Өйткені біздің құраманың қолынан кімге болсын жеңілу келеді.

Қазақстан

Міне, футболымыз ең төменгі сатыға түсудің алдында тұр. 30 жылда бір ғана стадион салдық, ФИФА рейтингісінде бір саты жоғарыласақ, екі орын құлдилап, үздік жүздікке ену түсімізге де кірмейтін болды. Бізден бюджеті әлде қайда төмен Қырғызстан 96-шы келеді. Соғыстан көз ашпай, түн ұйқысын қорқыныштан төрт бөліп ұйықтайтын Сирияның өзі 85-ші сатыға жайғасқан. Осының бәрін көре тұра, ҚФФ басшылығы міз бақпай отыр. Қандай да бір даму стратегияларын жасап, алға жылжудың қамын жасаудың орнына «Бізде мықты ойыншылар жетіспейді» деп ақталады. Сапалы стадион, ауылдық жерлерге қолдау, заманауи академиялар болмаса, мықты ойыншы қайдан шықсын? Ақшаның бәрін аннан-мыннан қашқан легионерлерге шашып, артылғанын қалтаға басқанша, жоғарыда аталған мәселелерге көңіл бөлу қажет. Қазіргі құраммен алысқа шаппайтындығымыз айдын анық. Сондықтан кеш қалмай тұрғанда жастардың жағдайын жасау керек. Бұлай жалғаса берсе, мундиальға шығуды ойламасақ та болады. 30 жыл ешқандай жеміс бермеген жолдан тайып, жаңа бағытты ұстанатын кез келді. Осындай былықтардан кейін жанкүйерелердің ҚФФ басшылығындағылардың қызметтерінен кетуін сұрауы орынды дүние. Алып отырған ақшаларын ақтайтындай таза еңбек етіп, ел футболын қайтсем көтеремін деп жанын салсын, не болмаса қолынан іс келетін адамға орнын босатсын.

Фото: ҚФФ

Қазақстан құрамасы жайлы жаңалықтар

Больше новостей
Комментарии
Нет комментариев. Будьте первым!
Девушки в спорте