ВЫБОР ПОЛЬЗОВАТЕЛЕЙ
Olimpbet KZ
Букмекер №1 в Казахстане
1xBet KZ
Winline KZ
PIN-UP KZ
Parimatch KZ
Онлайн-букмекер №1

«Деңгейіміз айтарлықтай жоғарылады». Талғат Байсуфинов ел футболындағы өзгерістер жайлы пікір білдірді

Қазақстан құрамасының бас бапкері Талғат Байсуфинов Sports.uz сайтына берген сұхбатында ұлттық құрама мен ел футболындағы өзгерістерді айтып берді. Сондай-ақ Өзбекстан құрамасына аз-кем тоқталды.

— Бізді көршілес командалардың нәтижелері қызықтырады. Атап айтқанда, Қазақстан УЕФА-ға мүше болғандықтан, Еуропада өнер көрсетуде. Талғат Маруаұлы, айтыңызшы, қазір ұлттық құраманың деңгейі қандай?

— УЕФА-ға кіргелі бері Қазақстан құрамасы жақсы дамып келеді. Ойындарымыздың нәтижесі жақсарып келеді деп айта аламыз. 2022 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде Украина мен Босния сияқты мықты командалардан ұпай алғанымызды ерекше атап өткім келеді. Біздің деңгейіміз осындай командаларға жақындап қалды, жақын арада біз оларды жеңетін боламыз. 2007 жылы Қазақстан құрамасы өз алаңында Сербияны (2:1) жеңіп, Бельгия құрамасымен тең ойнаса (2:2), 2019 жылы Шотландияны (3:0) ойсырата жеңген болатын. УЕФА-ға мүше болуымыз ойыншыларымыздың деңгейіне өз әсерін тигізуде.

— Қазақстан құрамасын жергілікті және шетелдік жаттықтырушылар баптады. Қателеспесем, екі жылдан бері жұмыс істеп жатырсыз. Сіздің командадағы міндетіңіз қандай?

— Менің міндетім – буын алмасу процессін жүргізу, алдағы жылдары еліміздің намысын қорғайтын футболшыларды дайындау, Ұлттар лигасында жақсы нәтижеге қол жеткізу және әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде лайықты өнер көрсету, сондай-ақ Еуропа чемпионатының финалдық кезеңіне шығу.

— Қазір Қазақстан футболындағы ең мықты үш ойыншыны атап өтсеңіз.

— Бүгінгі таңда Қазақстан чемпионатында сапалы легионерлер көп. Солардың бірі – «Астананың» ойыншысы Марин Томасов. Қазақстандық футболшылардың арасынан жақында «Зенитке» ауысқан Нұралы Әліпті, жас әрі болашағы зор Арман Кеңесовті, ЦСКА сапындағы Бақтиер Зайнутдиновты атап өтуге болады. Бұл Қазақстан құрамасындағы көшбасшы ойыншыларының бірі.

— Қазір Өзбекстан мен Қазақстан құрамаларының деңгейі шамалас деп ойлайсыз ба?

— Екі командаға да шеберлік пен сәттілік жетіспейді. Бірақ Өзбекстанға да, Қазақстанға да әлем чемпионатында ойнайтын уақыт келеді.

Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.

Комментарии
Нет комментариев. Будьте первым!