ВЫБОР ПОЛЬЗОВАТЕЛЕЙ
Olimpbet KZ
Букмекер №1 в Казахстане
1xBet KZ
Winline KZ
PIN-UP KZ
Parimatch KZ
Онлайн-букмекер №1

«Мақсатымыз - Молдовамен матчта жеңіске жету». Карпович өзінің жаңа қызметке тағайындалуы жайлы пікір білдірді

Қазақстан құрамасында бас бапкердің мінденін атқарушы болып тағайындалған Андрей Карпович алғашқы әсерімен бөлісті және алдағы жоспарлары жайлы айтып берді.

- Бірінші кезекте федерацияға артқан сенімдері үшін алғыс айтамын. Бұл мен үшін үлкен мәртебе және үлкен жауапкершілік. Алға қойылған міндеттерге келетін болсақ, Молдовамен болатын екі матчта жақсы өнер көрсетіп, жеңіске жетуіміз тиіс. Одан кейінгі жағдайды талқылаған жоқпыз. Қазір кеңейтілген тізімді жасап, ұлттық құрамаға шақыртылатын ойыншыларды анықтау қажет. Олардың физикалық жағдайына назар аудара отырып, алдағы екі матчқа мықты құрам жасақтаймыз. Ал ойыншылар өздеріне артылған жауапкершілікті сезініп, алға қойылған міндеттерді орындауы тиіс және бар назарын тек осыған аударуы керек.

- Яғни, Сіз бүгіннен бастап жігіттермен байланысқа шығасыз ба?

- Ия, бүгіннен бастап барлығымен хабарласып, жағдайын бағалайтын боламын. Кімнің дені сау, кім қанша уақыт ойнап жүр дегендей. Мысалы, Серікжан Мужиков жарақатына байланысты шақыртылмайтын болды. Бұл біз үшін шығын болып саналады. Өйткені ол Суперкубок үшін болған ойында керемет өнер көрсетті. Матчқа өте аз уақыт қалды. Дайындыққа уақыт жоқ десем де болады. Енді біз, яғни, бапкерлер штабы аналитикалық талдау жасауымыз қажет. Біздің бір артықшылығымыз - чемпионатты жақсы білеміз және ойыншылардың қалай ойнап жүргенін бақылап отырамыз. Жақын арада кеңейтілген тізім жарияланады. Оның ішінде жаңа есімдер де болуы мүмкін. Бірақ біздің міндет - ең мықты әрі алдағы матчтың тағдырына әсер ете алатын ойыншыларды шақыру. Жастарды сынап көру деген мәселені қозғаған жоқпыз.

Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.

Комментарии
Нет комментариев. Будьте первым!