ВЫБОР ПОЛЬЗОВАТЕЛЕЙ
Olimpbet KZ
Букмекер №1 в Казахстане
1xBet KZ
Лучшее приложение 2024*
Winline KZ
PIN-UP KZ
Parimatch KZ
Онлайн-букмекер №1

Жібек Құламбаева Шымкенттегі турнирдің финалына шықты

Қазақстандық Жібек Құламбаева жұптық сында Шымкентте ITF сериясы бойынша өтіп жатқан турнирдің финалына шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жарыстың бірінші ракеткасы болып тіркелген Ж.Құламбаева ресейлік Анастасия Сухотинамен бірге жартылай финалда Беларусь өкілі Алена Фалей – ресейлік Мария Шолоховамен шеберлік байқасты.

Бірінші партия тартысты өрбіп, қазақстандық-ресейлік жұп тай-брейкте әбжілдік танытты – 7:6 (8:6). Екінші сетте олар айқын басымдылық көрсетті – 6:2.

Құламбаева мен Сухотина финалда ресейліктер Екатерина Маклакова – Ксения Зайцевамен бас жүлдені сарапқа салады.

Жібек осы додада жекелей сында ширек финалдан аса алмай қалды.

Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.

Комментарии
Нет комментариев. Будьте первым!