Зарина Дияс WTA 250 турнирін сәтті бастады

Зарина Дияс WTA 250 турнирін сәтті бастады

Қазақстандық теннисші Зарина Дияс Мельбурн WTA 250 турнирінің екінші айналымына шықты, деп хабарлайды ҚТФ баспасөз қызметі.

Әлемнің 83-ракеткасы З.Дияс дүниежүзілік рейтингте өзінен бір саты төмен тұрған америкалық Кристина Макхэйлмен ойнады. Бірінші партияда америкалық теннисші басымдылық көрсетті - 6:3. Есесіне содан кейін Зарина Дияс ойын тізгінін қолға алып, 6:3, 6:1 есебімен жеңіске жетті. Тартысты матч 1 сағат 54 минутқа созылды. З.Дияс екінші айналымда әлемнің 96-ракеткасы, румыниялық Ана Богданмен шеберлік байқасады.

Аталған сайысқа Аустралия Ашық чемпионатында жолы болмағандар қатысуда. Олардың арасында Аустралия біріншілігінің өткен жылғы чемпионы, америкалық София Кенин де бар.

Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.

Комментарии
Нет комментариев. Будьте первым!