Зарина Дияс әлемнің экс-бірінші ракеткасынан ұтылып қалды

Зарина Дияс әлемнің экс-бірінші ракеткасынан ұтылып қалды

Қазақстандық теннисші Зарина Дияс Австралия Ашық чемпионатындағы жарыс жолын аяқтады.

Үшінші айналымда ол әлемнің экс-бірінші ракеткасы, «Үлкен шлем» турнирінің екі дүркін жеңімпазы испандық Гарбинье Мугурусамен ойнады.

Бір сағаттан аз уақытқа созылған кездесуде қазақстандық теннисші екі сетте де - 1:6 есебімен қарсыласына есе жіберді. Дияс бір де бір эйс жасамады және брейк-пойнтта да жолы болмады, доп беру кезінде бір рет қателесті.

Енді Қазақстанның атынан Australian Open жекелеген сынында Юлия Путинцева ғана өнер көрсетеді. Сенбі, 13 ақпан күні, ол үшінші айналымдаәлемнің бесінші ракеткасы украиналық Элина Свитолинамен шеберлік байқасады.

Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.

Комментарии
Нет комментариев. Будьте первым!