Юлия Путинцева жарыс жолын жалғастырады

Юлия Путинцева жарыс жолын жалғастырады

Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева Австралия ашық чемпионатының үшінші айналымына өтті.

Әлемдік рейтингте 28-орында тұрған Путинцева жарыстың екінші кезеңінде әлемнің 67-ракеткасы бельгиялық Алисон Ван Эйтванкпен ойнады. Матч қазақстандық спортшының пайдасына 6:4, 1:6, 6:2 есебімен аяқталды.

Ойын бір сағат 56 минутқа созылды. Бұл қос арудың төртінші рет өзара кездесуі еді. Бельгия теннисшісі Юлияны бір рет те ұтпаған.

Australian Open сайысының келесі айналымында Путинцева Кори Гауфф (АҚШ) - Элина Свитолина (Украина) жұбының жеңімпазымен күш сынасады.

Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.

Комментарии
Нет комментариев. Будьте первым!