ВЫБОР ПОЛЬЗОВАТЕЛЕЙ
Olimpbet KZ
Букмекер №1 в Казахстане
1xBet KZ
Лучшее приложение 2024*
Winline KZ
PIN-UP KZ
Самый надёжный букмекер*
Parimatch KZ
Онлайн-букмекер №1

Шаңғы жарысы мен биатлоннан Қазақстан командасы жаттығуға кірісті

Шаңғымен жарысу және биатлоннан Қазақстан командасы Қытайдағы Чжанцзякоу кластерінде жаттығуға кірісті, деп хабарлайды Olympic.kz.

Спортшылар соңғы жаттығу жиындарын шетелдерде өткізді, сондықтан, Қытайға дейінгі сапар барысында барлық қауіпсіздік шараларын сақталды. Биатлоншылар Бейжіңге Стамбулдан келді.

«Бізде бәрі жақсы. Ұшу уақыты 20 сағаттан асты. Ұшып келген бойда ПТР тест тапсырып, олимпиадалық ауылға аттандық. Біздің спорт түрінен жарыс Чжанцзякоуда өтеді, сондықтан, мұнда автобуспен келдік. Жолға шамамен бес сағат кетті. Қазіргі таңда біз мұнда жайғасып үлгердік. Әрине, 20 градус салқын, қатты жел де бар. Бірінші жаттығуымыз бүгін басталады», - дейді биатлоншы Владислав Киреев.

Осы рейспен Бейжіңге шаңғышылар да келді. Олар да таулы аймақ Чжанцзякоуда сынға түседі.

«Бейжіңге жеткенше ұзақ жолды артқа тастадық. Қытайға Миланнан Стамбул арқылы жеттік. Кейін олимпиадалық ауылға төрт жарым сағат жол жүрдік. Қытай тарапының өте жоғары деңгейде дайындалғаны көрініп тұр. Тек бәрінің арнайы киіммен жүргені көзге ерекше көрінеді. Олимпиадалық ауылға келген бойда бізді орналастырып, жайғастырды. Бәрі де қолжетімді.

Стадионға дейін әр 15 минуттан автобустар жүріп жатыр. Айтпақшы, жарыс жолы өте қиын. Шаңғымен жаттығу жасап үлгердік, трассамен таныстық. Команда жоспар бойынша дайындалып жатыр. Тағы да атап өткім келеді, ұйымдастыру өте жоғары деңгейде. Қытайлықтардың қонақжайлығы да байқалып тұр», - дейді команда бас бапкері Александр Батяйкин.

Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.

Комментарии
Нет комментариев. Будьте первым!
Комментарии
Нет комментариев. Будьте первым!
;