Бокс әлеміндегі инсайдер, заңгер, агент және кеңесші Рик Глейсер орта салмақта WBO чемпионы америкалық Деметриус Андраденің (31-0, 19 КО) Жәнібек Әлімханұлына (11-0, 7 КО) қарсы титулын қорғағысы келмей, оны бос қалдыратынына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Vesti.kz.
Мұның алдында Андраде өз белбеуін бос қалдырып, екінші орта салмаққа өтпек ойы бары айтылған еді. Бұл дивизионда америкалық WBO ұйымының «уақытша» чемпионы атағы үшін жұдырықтасып, осы арқылы «Канелоға» міндетті қарсылас атанбақ.
«Жәнібек Андрадені сабайтын еді, ол титулды сол үшін босатты», — деп жазды Глейсер твиттерде.
Janibek would've beaten Andrade that's why he's vacating. #Boxing
— Rick Glaser (@RealRickGlaser1) January 27, 2022
Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.