Путинцева әлемнің бесінші ракеткасына қарсы сәтсіздікке ұшырады

Путинцева әлемнің бесінші ракеткасына қарсы сәтсіздікке ұшырады

Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева Мельбурнде өтіп жатқан Australian Open ашық чемпионатының үшінші айналымынан ары аса алмады.

Әлемдік рейтингте 28-орында тұрған отандасымыз әлемнің бесінші ракеткасы украиналық Элина Свитолинаға 4:6, 0:6 есебімен есе жіберді.

Матч 1 сағат 24 минутта бітті. Путинцева бір де бір эйс жасай алмады, допты ойынға қосу кезінде төрт рет қателесті. Қарсыласы бір рет эйс жасады және доп беруде бір қателік жіберді.

Свитолина келсі айналымда Джессика Пегула (США) - Кристина Младенович (Франция) жұбының жеңімпазымен ойнайтын болады.

Естеріңізге сала кетсек, Путинцева бірінші айналымда әлемнің бұрынғы үшінші ракеткасы американдық Слоан Стивенсті (4:6, 6:2, 6:3), екінші айналымда бельгиялық Алисон Ван Эйтванкты жеңген болатын (6:4, 1:6, 6:2).

Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.

Комментарии
Нет комментариев. Будьте первым!