Оралдық «Ақжайық» футбол клубы қос бірдей шетелдік футболшымен толықты, деп хабарлайды команданың баспасөз қызметі.
«Ақжайық» сербиялық Милош Стаменкович және украиналық Константин Махановскийді қатарға қосты.
Стаменкович осыған дейін «Пролетар», «Арарат», «Рух» және қазақстандық «Ертіс» клубында өнер көрсеткен. 32 жасар қорғаушы ҚПЛ-де 56 ойын өткізіп, бес гол соғып, екі нәтижелі пас берген.
Махановский – киевтік «Динамоның» тәрбиеленушісі. 33 жастағы қақпашы «Ақжайыққа» дейін «Легия», «Десна», «Оболонь» және «Олимпик Донецк» секілді тағы да басқа клубтардың намысын қорғаған.
Оралдық клуб қос ойыншымен де 2022 жылдың соңына дейін жарамды келісімшартқа қол қойды.
Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.