ВЫБОР ПОЛЬЗОВАТЕЛЕЙ
Olimpbet KZ
Букмекер №1 в Казахстане
1xBet KZ
Лучшее приложение 2024*
Winline KZ
PIN-UP KZ
Parimatch KZ
Онлайн-букмекер №1

Олимпиада алдындағы карантин. Қазақстандық спортшылар қайда жаттығады

Бейжіңдегі Олимпиада ойындарына қатысатын қазақстандық спортшылар Қытайға жіберілер алдында арнайы карантиннен өтуде, деп хабарлайды Olympic.kz.

Арнайы карантиндік аймақтар екі қалада – Нұр-Cұлтан мен Алматыда ұйымдастырылған. Екі апта бойы «Алау» Мұзайдыны сарайының базасында конькимен жүгіру спорты мен шорт-тректен командалар жаттығады. Спортшыларға тек орналасу үшін ғана емес, сонымен қатар толыққанды жаттығу процесін ұйымдастыру үшін де қолайлы жағдайлар жасалған.

Карантин жабық формат бойынша ұйымдастырылған: құраманың өкілдері «Алаудан» тыс кете алмайды. Барлық қозғалыстар тек жаттығу залына бару және тамақтанумен ғана байланысты. Мұз сарайының 14 қызметкерлері де атлеттер секілді спорт кешенінінде тұрып жатыр.

Командаларға тау жаттығулары мен трамплинде дайындық қажет, сондықтан оларды жаттығу аймақтарына тасымалдау үшін аралық аялдамаларсыз «таза» көлік ұйымдастырылады. Карантин аймағында жұмыс істейтін барлық көлік жүргізушілері мен қызметкерлері де «таза» аймақта тұрады және ПТР сынақтарын үнемі өткізіп тұрады. Сыртқы ортамен барлық байланыстар шектелген, бірақ жаттығулар жоспарланған режимде өтеді.

2022 жылғы қысқы Олимпиада ойындары Бейжіңде 4-20 ақпан аралығында өтеді. Алдын ала әлемнің 95 елінен 4000-нан астам спортшы қатысады деп жоспарлануда. Жарыс бағдарламасында 109 медаль жиынтығы ойнатылады.

Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.

Комментарии
Нет комментариев. Будьте первым!