Қазақстан құрамасының қорғаушысы Ғафуржан Сүйімбаев Ұлттар лигасының плей-офф кезеңінде Молдовамен болатын матч қарсаңында баспасөз мәслихатына қатысып, жергілікті тілшілердің сауалдарына жауап берді, деп жазады ҚФФ ресми сайты.
— Ғафуржан, матч алдындағы команданың көңіл-күйі қалай?
— Команда матчқа жақсы дайындалып жатыр, ішкі атмосфера да керемет. Ұлттық құрамаға қайта оралғаныма қуаныштымын, Молдоваға қарсы қиын кездесулерде командаға көмектескім келеді.
— Ұлттық құрамада болмағаныңызға көп болды. Қазір ойын формаңызды қалай бағалайсыз?
— Иә, шынында да ауыр жарақатқа душар болып, соның кесірінен көп уақытымды өткізіп алдым. Түркиядағы оқу-жаттығу жиынында еңбек етіп, маусым басында алаңға шықтым. Мен ақырындап бабыма еніп келе жатырмын.
— Командада бапкер ауысты. Қандай өзгерістер болады деп ойлайсыз?
— Иә, бізге жаңа бас бапкер келді. Өзгерістер тек жақсы жағынан болады деп үміттенемін. Мен Молдова ойыншыларын білемін бе? Шынымды айтсам, бұл елдің чемпионатын бақыламаймын, бірақ мен «Шерифтің» жетістіктері туралы білемін.
— Сіздің ойыңызша кім С лигасында қалады?
— Кишиневте де, Нұр-Сұлтанда да оңай ойын болмайды. Кім күшті болса, сол С дивизионында қалады.
Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.