ВЫБОР ПОЛЬЗОВАТЕЛЕЙ
Olimpbet KZ
Букмекер №1 в Казахстане
1xBet KZ
Лучшее приложение 2024*
Winline KZ
PIN-UP KZ
Parimatch KZ
Онлайн-букмекер №1

MMA-ден әлем чемпионаты: 13 спортшымыз финалға жолдама алды

Абу-Дабиде (БАӘ) қазақстандық спортшылардың қатысуымен ММА-ден әлем чемпионатының жартылай финалдық жекпе-жектері өтті.

Әлем чемпионатының үшінші күніндегі жартылай финалдық белдесулерде 11 қазақстандық спортшы жеңіске жетті. Олар: Самғат Шабдан (жастар, 65,8 келіге дейін), Алтынай Мергенбай (52,2 келіге дейін), Карина Сисенова (56,7 келіге дейін), Назерке Исабек (61 ,2 келіге дейін), Бағдат Жұбаныш, Ерсұлтан Шәкенбай (барлығы – 52,2 келіге дейін), Айжан Әбдіқадыр (70,3 келіге дейін), Дастан Жақыпбеков (56,7 келіге дейін), Неймат Асадов (70,3 келіге дейін), Әліби Пернебек (83,9 келіге дейін), Расул Хатаев (300 келіге дейін).

Ал Аяулым Ұлан (52,2 келіге дейін), Гүлмира Азатбек (61,2 келіге дейін), Жансая Ермағамбетова, Жанар Дегенбай (екеуі де 65,8 келіге дейін), Еркін Бегенов (70,3 келіге дейін), Богдан Пшебельский, Игорь Ахматов, (екеуі де – 77,1 келіге дейін), Дәулет Молдаш (300 келіге дейін) жеңіліске ұшырады.

Бекзат Жасия (65,8 келіге дейін) мен Нұрәділ Қайырбергенұлы (120,2 келіге дейін) қарсыластарының коронавирус сынамасы оң нәтиже бергендіктен, келесі кезеңге автоматты түрде жолдама алды.

Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.

Комментарии
Нет комментариев. Будьте первым!