ВЫБОР ПОЛЬЗОВАТЕЛЕЙ
Olimpbet KZ
Букмекер №1 в Казахстане
1xBet KZ
Winline KZ
PIN-UP KZ
Parimatch KZ
Онлайн-букмекер №1

«Мансабында алғаш рет». Александр Бублик Монпельедегі турнирде топ жарды

Қазақстанның бірінші, әлемнің 35-ракеткасы Александр Бублик Монпелье (Франция) ATP 250 турнирінің чемпионы атанды.

Қазақстандық теннисші финалда әлемнің 3-інші, осы жарыстың 1-ракеткасы, германиялық Александр Зверевпен бас жүлдені сарапқа салды.

Бұдан бұрын қарсыластар бір-ақ рет кездесіп, онда Бублик жеңген болатын.

Осы жолы да қазақсандық спортшы ойын тізгінін уысынан шығармай, 6:4, 6:3 есебімен ұтты.

Бір сағаттан астам уақытқа созылған матч барысында Бублик 8 эйс жасап, 8 брейк-пойнттың тең жартысын өз есебіне жазды. Қарсыласы 4 эйс, 1 брейктен (3 брейк-пойнт) аса алмады.

Осылайша Бублик өзінің спорттық жолында алғаш рет ATP додасында жеңімпаз атанып отыр.

Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.

Комментарии
Нет комментариев. Будьте первым!