«Ақтөбе» футбол клубы өз құрамын жаңартуды жалғастырып жатыр. Бұл жолы 23 жастағы орталық қорғаушы Әлібек Қасым команданың жаңа ойыншысы атанды.
«Қайраттың» түлегі 2019 жылдан бері «Қызыл-Жар СК» сапында өнер көрсеткен болатын. Петропавлдық ұжымның құрамында 44 ойынға қатысып, 9 голмен көзге түскен. Оның жетеуін ол былтырғы маусымда соқты. Сондай-ақ өткен жылы Әлібек Қазақстан құрамасында Солтүстік Македония мен Тәжікстанға қарсы қос жолдастық матчта дебюттік ойындарын өткізген болатын.
Былтыр Қасым «Қызыл-Жар» клубына Конференция лигасына жолдама алуға көмектесті.
Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.