Қазақстандық теннисші Михаил Кукушкин австралиялық Мельбурнде өтіп жатқан ATP 250 Murray River Open турнирінің екінші айналымына жолдама алды.
1/32 финалда Михаил әлемнің 81-ракеткасы аргентиналық Хуан Лондеромен кездесіп, бірінші партияда есе жібергенімен, қалған екі партияда қарсыласын сан соқтырып, камбэк жасап кетті. Аталған кездесу 2 сағат 20 минутқа жалғасты.
Кукушкин екінші айналымда турнирдің бірінші, әлемнің 18-ракеткасы швейцариялық Стэн Вавринкамен кім мықтыны анықтайды.
Михаил Кукушкин (Қазақстан) – Хуан Лондеро (Аргентина) – 4:6, 7:5, 6:2.
Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.