ВЫБОР ПОЛЬЗОВАТЕЛЕЙ
Olimpbet KZ
Букмекер №1 в Казахстане
1xBet KZ
Лучшее приложение 2024*
Winline KZ
PIN-UP KZ
Parimatch KZ
Онлайн-букмекер №1

«Канелоның» жаттықтырушысы Головкинмен үшінші жекпе-жек туралы айтты

Сауль «Канело» Альварестің жаттықтырушысы әрі менеджері Эдди Рейносо мексикалық спортшының қазақстандық Геннадий Головкинмен 2022 жылы үшінші жекпе-жегін өткізу ықтималдығына пікір білдірді, деп хабарлайды Sports.kz.

«Биылғы жылы «Канело» екі жекпе-жек өткізуді жоспарлап отыр. Біз оны ақпан айына дейін демалдырып, одан кейін жылды бастаймыз. Головкинмен үшінші жекпе-жек? Көрерміз, мамыр не қыркүйекте көздеуге болады. Головкин жақында «Канеломен» жұдырықтасу ниетін білдірді, сондықтан үшінші жекпе-жек өткізу ойда бар. Бірақ ол енді екінші орта салмақта өтеді. Егер Головкин қаласа, көтеріле алады. Сауль енді орта дивизионға түспейді. Ол жоғары көтеріле алады, орта салмақтан алшақтады.

Бетербиев пен Бивол – бұлар да варианттар. Биыл не болатынын көрейік», - деді Рейносо Fight Hub TV-мен әңгімелесу барысында.

Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.

Комментарии
Нет комментариев. Будьте первым!