ВЫБОР ПОЛЬЗОВАТЕЛЕЙ
Olimpbet KZ
Букмекер №1 в Казахстане
1xBet KZ
Лучшее приложение 2024*
Winline KZ
PIN-UP KZ
Parimatch KZ
Онлайн-букмекер №1

Елордада Қазақстанға тарихи алтын жүлдені сыйлаған шахматшаны күтіп алу рәсімі өтті

Елорданың Халықаралық әуежайында шахматтан әлем чемпионы Бибісара Асаубаеваны күтіп алу шарасы өтті. Жас шахматшыны жақындары мен жанкүйерлері ыстық ықыласпен қарсы алып, гүл шоқтарын сыйлады, деп жазады ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметі.

Бибісара Асаубаеваны күтіп алу

Бибісараны жарқын жеңісімен құттықтауға ҚР Спорт және дене шынықтыр істері комитетінің төрағасы Самат Ерғалиев арнайы келді. Самат Серікқанұлы Бибісараның жетістігіне анасының қосқан үлесін ерекше атап өтіп, алғысын білдірді.

«Шахматтан Әлем чемпионатында ең жас әлем чемпионы атанып, жарқын жеңісімен қазақ елін қуантқаны үшін Бибісараға алғысымды білдіремін. Бибісараның жеңісіне анасының қосқан үлесі зор. Отандасымыздың бұл жеңісі барша шахматшыларға үлгі болып, ел спортының тарихында қалары сөзсіз»,- деді төраға.

«Турнир оңайға соқпады. Үш күн рапид, екі күн блиц, бес күнге созылған жарыста соңына дейін табандылық көрсету керек болды. Мен бірінші тақтада ойнап рапидте соңғы партияны жеңіп, екінші орынды иелендім. Блицте сегізінші айналымнан бастап, көш бастадым. Ақтық кезеңге дейінгі айналымда айқын басымдылықпен бірінші орынға көтерілдім. Ел тарихында ересектер арасындағы шахматтан алғашқы алтын жүлдені жеңіп алғаным үшін өте бақыттымын», — деді шахматтан Әлем чемпионатының жеңімпазы.

Бибісара Асаубаеваны күтіп алу

Естеріңізге сала кетейік, Польша астанасы Варшава қаласында өткен Әлем чемпионатында 17 жастағы қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева «блицте» бірінші орынды жеңіп алып, әлемдік шахмат тарихында әйелдер арасында ең жас шахматшы атанған болатын. Сондай-ақ аталмыш чемпионатта Бибісара жылдам шахматтан (рапид) 2-орынды иеленді.

Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.

Комментарии
Нет комментариев. Будьте первым!