ВЫБОР ПОЛЬЗОВАТЕЛЕЙ
Olimpbet KZ
Букмекер №1 в Казахстане
1xBet KZ
Winline KZ
PIN-UP KZ
Parimatch KZ
Онлайн-букмекер №1

Елорда турниріндегі қазақстандық теннисшілердің қарсыластары анықталды

Елордада Forte 60 Women's ITF турнирінің жеребесі тартылды.

Қазақстан теннис федерациясы мәлім еткеніндей, төрт қазақстандық теннисші ұйымдастырушылардан арнайы шақырту алды.

Жібек Құламбаева алғашқы айналымда ресейлік Екатерина Казионовамен кездеседі.

Гөзал Айнитдинова жарыстың 3-ракеткасы, грузиялық Мариям Болквадземен шеберлік байқасады.

Аружан Сағындықова бельгиялық Исалин Бонавентурамен, Екатерина Дмитриченко жапониялық Куруми Нарамен кортқа шығады.

Өкінішке қарай, Сандуғаш Кенжебаева мен Софья Чурсина іріктеу сайыстарының финалында жеңіліп қалды. Дегенмен олар басқа да қазақстандық теннисшілер сияқты, жұптық сында өнер көрсетеді.

Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.

Комментарии
Нет комментариев. Будьте первым!