Елена Рыбакина келесі айналымға өтті

Елена Рыбакина келесі айналымға өтті

Австралияның Мельбурн қаласында өтіп жатқан Austalian Open 2021 ашық чемпионатында қазақстандық Елена Рыбакина ресейлік Вера Звонареваны жеңіп, турнирдің келесі айналымына жолдама алды. Қазақстанның бірінші ракеткасы әлемдік рейтингте 19-орында, ал қарсыласы 156-орында тұрғанын айта кетейік.

2 сағат 4 минутқа созылған текетіресте Вера төрт брейк жасап, допты ойынға қосуда екі рет қателесті. Ал Елена болса, төрт эйс жасады және бес брек-пойнтты жүзеге асырды. Допты ойынға қосу кезінде төрт қосарланған қателікке жол берді.

Үш сет қорытындысы бойынша Рыбакина қарсыласын 6/4, 4/6, 4/6 есебімен ұтты. Бұл аталған екі спортшының алғашқы кездесуі болатын.

Келесі айналымда отандасымыз француз теннисшісі Фионо Ферромен ойнайды.

Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.

Комментарии
Нет комментариев. Будьте первым!