ВЫБОР ПОЛЬЗОВАТЕЛЕЙ
Olimpbet KZ
Букмекер №1 в Казахстане
1xBet KZ
Winline KZ
PIN-UP KZ
Parimatch KZ
Онлайн-букмекер №1

Елена Рыбакина Майамидегі турнирдің үшінші айналымына шықты

Қазақстанның бірінші, әлемнің 18-ракеткасы Елена Рыбакина Майами WTA 1000 турнирінің үшінші айналымына шықты.

Жүлде қоры 8,3 млн АҚШ долларынан асатын ірі жарыстың 17-ракеткасы болып тіркелген қазақстандық теннисші доданы екінші айналымнан бастады.

Рыбакинаға әлемнің 57-ракеткасы, румыниялық Елена Габриэла Рузе қарсы тұрды.

Қос теннисшінің бұл өзара алғашқы кездесуі еді.

Бірінші партияда қазақстандық спортшы басымдылық танытты – 6:4. Екінші сетте румыниялық спортшы тағы бір брейк жасағанымен, Е.Рыбакина таразы басын қайта теңестірді. Ақыры матчты тағы бір брейкпен тәмам қылды – 7:5.

Қазақстандық теннисші 1 сағат 45 минутқа созылған бәсеке барысында 7 эйс жасап, 10 брейк-пойнттың алтауын мүлт жібермеді. Қарсыласы 2 эйс, 4 брейктен (7 брейк-пойнт) аса алмады.

Елена Рыбакина үшінші айналымда қос америкалық, әлемнің 21-ракеткасы Джессика Пегула немесе рейтингте 38-орында тұрған 2017 жылғы US Open турнирінің жеңімпазы Слоан Стивенстің біреуімен шеберлік байқасады.

Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.

Комментарии
Нет комментариев. Будьте первым!