ВЫБОР ПОЛЬЗОВАТЕЛЕЙ
Olimpbet KZ
Букмекер №1 в Казахстане
1xBet KZ
Winline KZ
PIN-UP KZ
Parimatch KZ
Онлайн-букмекер №1

Елена Рыбакина Индиан-Уэллстегі турнирдің жартылай финалына шыға алмады

Қазақстанның бірінші, әлемнің 20-ракеткасы Елена Рыбакина Индиан-Уэллс WTA 1000 турнирінің жартылай финалына шыға алмады.

Қазақстандық теннисші ширек финалда әлемнің 6-ракеткасы, грекиялық Мария Саккаримен шеберлік байқасты.

Бұған дейін қарсыластар 2020 жылы Санкт-Петербургте кездесіп, онда Е.Рыбакина ұтқан еді.

Бұл жолы бірінші партияда Елена брейкпен алға кетті – 3:0. Алайда Мария таразы басын теңестіре білді – 4:4. Тағы бір брейк жасаған грекиялық теннисші сетті өз пайдасына жазды – 7:5.

Екінші сетті Саккари брейкпен бастады – 3:1. Ақыры сол басымдылығынан айырыла қойған жоқ – 6:4.

Сағат жарымнан астам уақытқа созылған матч барысында грекиялық спортшы 6 эйс жасап, 6 брейк-пойнттың тең жартысын пайдаланды. Рыбакина 4 эйспен қатар 5 брейк-пойнттың біреуін ғана өз есебіне жазды.

Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.

Комментарии
Нет комментариев. Будьте первым!