ВЫБОР ПОЛЬЗОВАТЕЛЕЙ
Olimpbet KZ
Букмекер №1 в Казахстане
1xBet KZ
Winline KZ
PIN-UP KZ
Parimatch KZ
Онлайн-букмекер №1

Дэвис кубогі: Михаил Кукушкин әлемнің 8-ракеткасына жол берді

Ослода Дэвис кубогы іріктеу кезеңі аясында басталған Норвегия – Қазақстан матчында алғашқы болып Каспер Рууд пен Михаил Кукушкин шеберлік байқасты.

Каспер Рууд Норвегияның бірінші, әлемнің 8-ракеткасы болса, М.Кукушкин дүниежүзілік рейтингте 160-сатыда тұр.

Бірінші партия барысында екі рет брейк жасаған норвегиялық теннисші айқын басымдылық танытты – 6:1. Тартысты өрбіген екінші сетте есеп 3:3 болған мезетте Рууд брейк жасап кетті. Ақыры матчқа доп бергенде, өз мүмкіндігін пайдалана білді – 6:4.

Осылайша Рууд Норвегия құрамасын алға шығарды. Есеп – 1:0.

Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.

Комментарии
Нет комментариев. Будьте первым!