Бубликтің бәсекесі сәтті басталды

Бубликтің бәсекесі сәтті басталды

Қазақстандық жас теннисші, әлемнің 45-ракеткасы Александр Бублик Australian Open 2021 ашық чемпионатында тарихи жеңіске жетті.

Оның алғашқы айналымдағы қарсыласы әлемдік рейтингте 58-орында тұрған словениялық Альяж Бедене болды. Төрт сеттің қорытындысы бойынша Бублик қарсыласын 6/4, 7/5, 5/7, 6/4 есебімен ұтты.

Ойын 2 сағат 36 минутқа жалғасты. Қазақстандық спортшы сол уақыт ішінде 41 эйс жасады, тоғыз брэйктың бесеуін өз пайдасына шешті, допты ойынға қосуда 10 рет қателесті. Альяж болса, 15 рет эйс жасап, үш брек-пойнтты жүзеге асырды, допты ойынға қосу кезінде үш қосарланған қателік жасады. Осылайша, Бублик қарсыласынан былтырғы Дохада болған жеңілісі үшін қарымтасын алып, өзара кездесулеріндегі есепті 1:1 етіп теңестірді.

Australian Open турнирінің екінші айналымында Александр украиналық Сергей Стаховскимен немесе серб Душан Лайовичпен күш сынасатын болады.

41 эйс жасағанының арқасында Александр Бублик Австралия Ашық чемпионаты тарихындағы үздік алтыншы көрсеткішке ие болды. Рекорд хорватиялық Иво Карловичке тиесілі,оның еншісінде 75 эйс бар. Қазақстандықтың алдында мына спортшылар келеді:

— швед Йоахим Юханссон — 51 эйс;

— люксембургтік Жиль Мюллер — 47 эйс;

— австралиялық Крис Гуччионе — 45 эйс;

— американдық Джон Изнер — 43 эйс;

— американдық Энди Родик — 42 эйс.

Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.

Комментарии
Нет комментариев. Будьте первым!