ВЫБОР ПОЛЬЗОВАТЕЛЕЙ
Olimpbet KZ
Букмекер №1 в Казахстане
1xBet KZ
Лучшее приложение 2024*
Winline KZ
PIN-UP KZ
Parimatch KZ
Онлайн-букмекер №1

Бокстан әлем чемпионы Бейжің Олимпиадасына қатысатын спортшыларға сәттілік тіледі

Бокстан Токио Олимпиадасының жүлдегері Сәкен Бибосынов олимпиадалық форманың таныстырылымына қатысқан еді. Талантты спортшы қысқы ойындарға аттанатын атлеттерге сәттілік тілеп, формаға қатысты ойымен бөлісті, деп жазады Olympic.kz.

«Біздің командамыздың олимпиадалық формасының таныстырылымына қуана қатыстым. Спорттық күнтізбеміздегі айырмашылықтарға байланысты қысқы спорт түріндегі атлеттермен жиі кездеспесек те, олардың бізге көрсеткен қолдауын ұмытқан емеспіз. Тиісінше, біз де Олимпиада кезінде отандастарымыздың басты жанкүйері боламыз.

Өйткені, біз бір команданың – Қазақстан құрамасының намысын қорғаймыз. Формаға келер болсақ, сапасы қатты ұнады. Күртешелер жеңіл әрі жылы, дизайны да жинақы. Қазақстан сөзінің «Q» арқылы, яғни, қазақша жазылғаны көңілге жылы тиеді екен. Бұл форма Бейжіңге аттанатын барлық спортшымызға да ұнайтынына сенімдімін.

Олимпиада ойындарында барлығына шын жүректен сәттілік тілеймін», — деді бокстан Токио Олимпиадасының жүлдегері, әлем чемпионы Сәкен Бибосынов.

Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.

Комментарии
Нет комментариев. Будьте первым!